БҚО-да алты коронавирусты инфекция жұқтырғандар анықталды
Оның бесеуі РФ маусымдық әдіспен жұмыс жасаған Түркістан облысының тұрғындары, алтыншысы БҚО медицина қызметкері.
«Тасқала» бекетінде РФ шекарасындағы автоөткелде байланыссыз термометрия жүргізу кезінде шағым болған жоқ. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, карантиндік стационарға жатқызылды.
Сондай-ақ, коронавирустық инфекция 1984 жылы туған медицина қызметкерінен табылды. Бұрын анықталған науқастармен байланыс жасауына байланысты ол карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық зерттеулерге сынама алынды.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша барлығы COVID-19 диагнозы нақтыланып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына қайта емдеуге жіберілді.
Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
14 мамырдағы жағдай бойынша облыста covid-19 жұқпасы бар 272 адам анықталды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың алғашқы оқиғасы 13 наурызда расталды. 14 мамыр күні коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар саны 5571 – ге жетті, 2408 адам емделді, 32 адам қайтыс болды. 16 наурыз күні елімізде төтенше жағдай режимі жарияланды, ол 14 сәуірде 1 мамырға дейін ұзартылды. 27 сәуірде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ТЖ режимі 11 мамырға дейін ұзартылды деп айтылған мәлімдеме жариялады. 11 мамырда Қазақстанда ТЖ режимі тоқтатылды.
БҚО-да коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алғашқы екі оқиғасы 29 наурызда тіркелді. 31 Наурызда БҚО-да карантин жарияланды.