Тәжтажал тыйылмай тұр

БҚО-да коронавирустық инфекциямен ауырғандар саны 310 адамға жетті.Облыста COVID-19 жұқтырудың тағы 22 жаңа оқиғасы тіркеліп, 7,6 пайызды құрады.

«ОА» мұрағатының суреті

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 22 адам тіркелді

Коронавирус инфекциясы анықталған 22 адамның 12-сі өздерінен бұрын коронавирус инфекциясымен ауырған адамдармен байланыста болған адамдар. Оның 5-і медицина қызметкерлері.

Сонымен қатар, тағы бір пациент – 1979 жылғы Атырау облысындағы Теңіз кен орнында жұмыс істейтін Батыс Қазақстан облысының тұрғыны. Көрші аймақтан келуіне байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, тест қорытындысы теріс нәтиже көрсетуіне байланысты үй оқшаулауында болған. Дене қызуы көтерілуіне байланысты жедел жәрдеммен провизорлық стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

Ауруды жұқтырған 3 адам – 1990, 1986 және 1967 жылғы РФ жұмыс істейтін азаматтар. Ресеймен шекарадағы «Сырым» және «Тасқала» автоөткелдеріндегі санитарлық-карантиндік бекеттерден өткен кезде денсаулықтарына шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, карантиндік стационарға жатқызылды.

Сонымен қатар, 6 адам Атырау облысының Теңіз кен орнында жұмыс істейтін Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. Барлығы да көрші аймақтан келуіне байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен барлығында да COVID-19 диагнозы нақтыланып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

Қазіргі жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 310 адам тіркеліп, елімізде 6 157 оқиға расталды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с