Қылмыстар қарасы қынжылтады

Карантинде тиісерге қара таппай жүргендер мен өзгенің мүлкін иемдегісі келетіндер азаймай тұр. «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады» дегендей, осындай қиын кезді пайдаланып қалғысы келетіндер заң алдында жауап береді.

Ашық көздерден алынған сурет

Оралда ұрылар ардагердің қызын тонап кеткен, ұрланғандар қатарында әскери марапаттар.

Ештеңеден қаймықпаған олар Ұлы Отан соғысының ардагері, Жеңіс үшін соғысқан және Берлинге дейін бүкіл жауынгерлік жол өткен оның әкесінің ордендері мен медальдарын алған.

15 мамыр күні сағат 12:30-дан 14:30-ға дейін белгісіз тұлғалар құлыпты бұзу арқылы 1960 жылы туған азаматшаның үйіне еніп, Ұлы Отан соғысының ардагері Берлинге жеткен оның қайтыс болған әкесіне тиесілі марапаттарды, сондай-ақ жәбірленушіге тиесілі алтын бұйымдарды алып кеткен. «Қызыл жұлдыз» Ордені, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Сіңірген еңбегі үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдары, «Ағарту ісінің үздігі» белгісі ұрланды», – деп хабарлады қылмыс орнына шыққан жедел тергеу тобының қызметкерлері.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жәбірленуші үйден ұзақ уақыт кетпеген, қайта оралғанда құлыптың бұзылғанын аңғарған. Ол дереу полицияны шақырды.  Егде әйел әлі күнге дейін қаскөйлердің қылығынан өз-өзіне келе алмауда. Бұл марапаттарды ол Отан үшін, бостандық пен абырой үшін соғысқан әкесінің жалғыз естелігі ретінде сақтап келген.

Алдын ала деректер бойынша жалпы шығын сомасы 800000 теңгені құрады. Тергеумен Абай полиция бөлімі айналысуда.

Сонымен қатар, БҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай ағымдағы жылдың 17 мамырына қараған түні патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен патрульдеу кезінде Бөрлі-Орал автожолында полиция қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін орындау кезінде кенеттен шабуыл жасалды.

Облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторлары Бөрлі ауылының маңында «Киа Соренто» автокөлігін (РФ мемлекеттік тіркеу нөмірімен) тоқтатады, ол заңды талаптарға бағынбай Қанай ауылына қарай жүруді жалғастырған.

Одан әрі, жоғарыда көрсетілген автокөлік тоқтап, алкогольдік мас күйінде 8 адамнан тұратын белгісіз тұлғалар шыққан.

БҚО ІІД ЖПБ қызметкерлерінің орындарыңызда болыңыз деген талап-тілектеріне құлақ аспай, полицейлерге шабуыл жасап, оларға дене жарақатын салған.

Дереу ұстау жарияланып, нәтижесінде «ізін суытпай» күдіктілердің барлығы анықталып, ұсталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 380-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды(Билік өкіліне қатысты күш қолдану).

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с