Тағы бірнеше адамның шоттарына «Батыс Су арнасынан» 88 мың теңге айыппұл түсіп тұр
Орал қаласының тағы бірнеше тұрғыны «Батыс Су Арнасы» ЖШС-нен 88 мың теңге көлемінде айыппұл төлеу туралы түбіртек алған. Бұл туралы Орал құқық қорғаушысы Павел Кочетков мәлімдеді.

— Маған 88 мың теңге көлемінде айыппұл салды деп әйел адам хат жолдады. Менің ойымша бұл айыппұлдар заңдық тұрғыдан дұрыс емес. Бақылаушы тұтынушының пәтеріне 3 рет келуі тиіс, егер оған ешкім есік ашпаған жағдайда, екі тәуелсіз куәгердің қатысуымен акт жасау керек, мысалы, бақылаушыға есік ашпағанын көрген көршілер бола алады, — деді ол.
Солтүстік-Шығыс шағын ауданының тұрғыны Евгения есімді азаматша түбіртекке 88 мың теңге салынғанын растады.
— Маған да бақылаушыны пәтерге кіргізбедің дейді, бірақ мен сол кезде үйде болмадым. Бүгін «Батыс Су Арнасы» ЖШС бардым, маған соманы өшірді, осы себеппен тағы бірнеше адамның келгенін көрдім. «Батыс Су Арнасында» маған осындай соманы бақылаушыны жібермегені үшін жазғандарын айтты, сосын бірге отырып жағдайды түсіну үшін. Сондықтан, менің ойымша, бұл жағдайға тап болған жалғыз мен емес, — деді әйел.
Еске сала кетейік, мұндай жағдай бірнеше күн бұрын Орал қаласының тұрғыны Мария Божкомен болған. «Батыс Су Арнасы» ЖШС-і оған тексерушілерді кіргізбегені үшін 88 мың теңге көлемінде айыппұл жазып, берешекті БАҚ-та жариялағаннан кейін ғана есептен шығарды. БҚО Табиғи монополияларды реттеу департаменті «ОА» басылымынан кейін монополистке «айыппұл» сомасының қайдан алынғанын түсіндіруді талап етіп хат жолдады.
