«Мен бұл аңды өзім тәрбиеледім»: полицейдің әйелі оны қалай қорлағанын айтты

Әсел Алканова 6 жыл бойы полицияда қызмет істейтін күйеуінен таяқ жеп келгенін айтты. Ол «ОА» редакциясына келіп осы жылдар ішінде не бастан кешкенін, ал күйеуі әркез жазасыз қалатынын және интернетте кім оның артынан түскенін айтып берді.

Әсел Алканованың соққыдан кейін және дейін суреттері. Әселдің келісуімен жарияланады.

— Әсел, ретімен жүрейік. Әлеуметтік желілерде, фотосуреттермен сипатталған оқиға – бұл сіздің күйеуіңізді ұрып-соққан алғашқы жағдайы ма?

– Жоқ, бұған дейін болды, бірақ осындай дәрежеде, ауруханаға дейін-бірінші рет. Маған тағы да прокуратурадан қоңырау шалып: «Сіздің гематомдарыңыз бар фотосуреттеріңіз-Бұл Фотошоп па, деп сұрайды?». Мұндай сөз есту ауыр, өкінішті.

– Біз сізге еске алу жағымсыз екенін түсінеміз, бірақ… сізге қатысты агрессияның алғашқы фактісі қашан болды?

– Қызым 4 айлық еді.Тойдан кейін бір жылдан соң. Сол кезде сәбиімді көтеріп тұрғанмын, ал ол жүгіріп келіп, менің басымнан ұрды. Жалпы, бетіме із салмай ұруға тырысатын. Көрінбес үшін қолымнан, аяғымнан, басымнан.

— Сіз қандай да бір қорғау іздеуге тырыстыңыз ба? Тиісті мекемеге шағымданып немесе достарыңызға айтып?

— Бірінші рет мен оның анасына шағымданғанымда: «Ол сен үшін әрқашан жаман»дегенді естідім. Осыдан кейін мен оның қолдау көрсетпейтінін түсіндім. Мен бәрін жалпыға жария еткім келмеді. Ауруханаға түскенімде, достарыма және әріптестеріме ЖКО түстім деп айттым. Біз бір жұппен отбасымызбен дос болдық. Мен тек сол әйелге ғана айтып бердім, ал оның күйеуі ештеңе білмеген, мен әлеуметтік желілерде фото жариялаған кезде шок болды. Олар менің бұрынғы күйеуіммен достар болғанына қарамастан, егер орнында қарындасы болған болса, мұндай қарым-қатынасты кешірмей оны өлтіріп, отырып шығар едім деді. Бұл жұп мені қолдады. Менің жариялағаным дұрыс деді, өйткені, оны полиция қызметкері ретінде, бірнеше рет марапатталған, бәрі мақтайтын тек жақсы жағынан көретін. Ал мұнда осындай. Әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін оның достары мені оның көзіне шөп салатын, жеңіл мінез-құлықты қыз келбетінде көретіндерін жазады. Мен мұның бәрін оқып, жылап алам. Ешкімге ештеңе түсіндіре алмайсың, бірақ бұл менің жанымды жаралайды. Оның әпкесі қоңырау шалып: «Әсел, Сен не істеп жүрсің! Оны жұмыстан шығарады ғой!» деді. Мен: «Менің миыма зақым келгені сізге бәрібір ме?» дедім. Стресстен кейін мен бір көзімде жыпылықтау басталды, сіз көріп тұрсыз ғой! (жылайды).

Ол мені ұрған күні ваннадағы суға батырғысы келді. Су жоқ болып, үйдегі ваннаны толтырып қойып ек. Мені жуынатын бөлмеге сүйреп бара жатқан кезде мүны түсініп, жұлқынып қашып шығып, төмеңге түсіп, көршілердің есіктерін қақтым, Ләззат көршім ашқанда қоңырау шалуға телефон сұрадым, себебі өзімдікі үйде қалды. Мен әкемді шақырдым, ол 40 минуттан кейін келді. Қызым бұл уақытта үйде қалды, бірақ ол, оған ештеңе жасамас еді, маған өзім құтылу керек болды. Менің ата-анам келгенде, мен баланы, құжаттарды алып, соларға бардым. Үйде мен құса бастадым, жарақат пунктіне барғанымда мені ауруханаға жатқызды. Мен ауруханада 6 күн жаттым.

— Сіз ата-анаңызға ұратынын айтуды қашан шештіңіз?

— Мен оны көңілдесімен ұстап алғанда. Қызым сол кезде 10 айлық, бұл 2015 жылы қараша айында болды. Ол түнгі кезекшіліктен шығып үйге келуі керек еді, бірақ келмеді. Мен қоңырау шалғанымда, ол алған атақтарын атап өтіп жатқандарын айтты. Мен ол түскі асқа келеді деп ойладым, бірақ ол жоқ, үш сағат – жоқ, бес сағат – жоқ. Мен оның әйелде екенін білдім, өйткені ішкен кездерінде үнемі өзім алып кетіп жүрдім. Бұл жолы ол Диана аялдамасына жақын, Мұхит көшесіндегі үй болды. Келген кезде ол мас, тұтанған көлікте ұйықтап жатты. Мен оған үйге барайық, артқа отыр дегенімде, ол мені боқтап жіберді. Мен де оған жағымсыз нәрсе айтып, оның көңілдесін «салдақы» деп атадым, сонда ол мені ұрып тастады. Тұрақтағы көліктің тұтқасына жабысқаным есімде, отырғышта бір әйел адам отырды, мен оған «Көмектесіңдер!» деп айқайладым, бірақ ешкім көмектеспеді- себебі ол полиция киімінде еді. Содан кейін ол мені теуіп, телефонды сындырды. Барлық жерім балшық, күртем жыртылған.Үйдің балконынан бір қыз шығып, жедел жәрдем шақырайын ба деді, мен одан қоңырау шалуға телефон сұрадым. Ол алып шыққанда, мен ағама телефон соқтым. Сол кезде менің ата-анам мені ұрғанын білді. Содан кейін ол менің ата-анама келіп, кешірім сұрады, Енді ішпеуге уәде берді, Мен қайтып оралдым. Мен оның ұрғаны үшін қаншама кешірім сұрағаны есімде жоқ. Көп.

– Сіз оны неге кешірдіңіз?

— Өйткені мен оны жақсы көрдім. Мен отбасын қаладым. Ана мен әке болған отбасында өстім. Мен әкеме, туыстарыма қалай айтамын деп ойладым. Бұл ұят. Содан кейін ол өзгереді деп сендім, алғашқы үш жыл түсінісу,үйренісу, бірақ төртінші жыл болды, ал ол серуендеуді жалғастырды. Оның әйелдері маған қоңырау шалды. Бір рет: «менің Хайдарым қайда?» дегенді, қызым естіп қалды. Мен оған бірнеше рет: «Хайдар, өмір бір беріледі, егер сен мені ұнатпасаң, онда мен сені ұстамаймын. Бұл өмірде, адамдар ажырасады. Басқаға бар, мен де өз өмірімді босқа қорламайын»дедім. Ал ол әрдайым: «жоқ, мен сені сүйемін» дейтін.

— Өзіңіз сияқты жағдайда көптеген әйелдер болатынын білесіз. Олар өз үй тирандарымен өмір сүруді жалғастыруда…

– Қажет емес! Мен қазір неге өзімді қорлауға жол бергенімді түсіне алмаймын, бұдан балам психологиялық жарақат алды (жылайды). Мен осы фотосуреттерді көргенде сол күні өліп, қайтадан дүниеге келдім. Алла маған екінші өмір берді. Баланы алып, кету керек. Қарым-қатынасты жалғастырудың қажеті жоқ. Өліп тынасың болмаса ақыл-есіңнен адасасың. Мен қазір тыныш ұйықтаймын. Ол үйге мас болып келіп, ұрады деп қорықпаймын. Көптеген әйелдер баланы өз бетінше өсіре алмаймыз деп ойлайды. Өсіресіздер,мен түсіндім! Өйткені, кеткенімізде, ол қызына бір тиын да бермеді. Мен қазір «папа Карло» сияқты жұмыс істеудемін, бірақ бұл сабағаннан жақсы… Төзудің қажеті жоқ. Балаңызды алып, қашыңыздар.

— Ал сізде бірлесіп жинаған мүлік болды ма?

– Пәтер, біз оны некеден соң сатып алдық,бірақ ол өз әкесіне тұрғын үйді жаздыБұл пәтер маған керек емес. Бұған дейін біз жалдап тұрдық. Енем басынан маған қарсы болды. Ол мені бір рет ұрғанда, ол былай деді: «Ұлым заттарды жина, кіммен жүресің, соған бар». Мен сол кезде ашуландым, бірақ әдейі енем үшін, онымен тұрамын деп ойладым. Мүмкін бұл ақымақ болар, бәрібір сіз мені түсінбейсіз.

— Сіз босанғанша ұрған жоқ дедіңіз, бұған дейін сөзінен, ісінен ештеңе байқамадыңыз ба?

– Қазір мен оған көп нәрсе мүмкіндік бергенін түсінемін. Мысалы, біз жалдамалы пәтерде тұрғанда, екі жарым жыл бойы қолыммен кір жудым. Ол кір жуғыш машинаны сатып алған жоқ, маған: «Менің анам қолмен жуды, сен де жуасың» деді. Мен келістім, себебі сүйдім, оның алдында «төсеніш» болдым. Мүмкін, мен бұл жыртқышты өзім тәрбиеледім. Мен шай құйып, қантын саламын. Ол жуынатын бөлмеге барғанда, жуындырып,тырнағын алып, құлағын тазаладым. Мен өзім осындай, қамқоршымын. Отбасымызбен осындаймыз, бір-бірімізді қамқорлап, әлі күнге дейін қал-жағдаймызды сұрасып отырамыз. Күйеуімнің отбасында мұндай жоқ.

Әселді соққыға жығу туралы, полицияда тіркеген өтінішті қабылдау қағазы. Әңгіме қысым көрсеткесін, Әселдің алып кеткен өтініш қағазы туралы.

— Көптеген әлеуметтік желілерде полицияға сіздің күйеуіңізге хабарлағаннан кейін, тергеуді тоқтату туралы өтінішпен тағы бір өтініш жазғаныңыз туралы сілтеме жасап отыр. Неге сіз осылай жасадыңыз?

— Ол мені мәжбүр етті. Ол мені полицияға апарып, мәжбүр етті. Ол жасаған соң, ол тіпті айту міндетті емес. Мен оны көргеннен дірілдей бастадым, менде күйзеліс болды. Ол келіп, біз өтінішті алуға барамыз деп айтқан кезде, мен ештеңе айта алмадым. Біз ІІД-не (қазіргі – ПД- автор. ред.) бірге кірдік Тергеушіге көтерілгенде,ол оны шығуға шақ көндірді. Тергеуші: «Өтінішті аласыз ба?» деді. Мен «Иә, мүмкін» жауап бердім. Содан кейін Хайдар қайтадан кіріп, онымен бірге бір кабинетте бас тарту туралы өтініш жаздым.

— Біреу сізден, қысым жасалғаннан кейін өтінішті кері алып жатқан жоқсыз ба, деп сұрады ма?

– Жоқ, полицейлер менің таяқ жеген ұсқынымды көрді ғой, түсінуі керек шығар. Бірақ ешкім ештеңе жасамады.

— Егер Сізді сотқа берсе, сіз соңына дейін баруға дайынсыз ба?

— Иә, мен өтірік айтып отырған жоқпын. Мен не болғанын айтып отырмын. Менде хирургтің қорытындысы бар, яғни 27 ақпан күні «Талап» АҚ — берген, менің мұрнымның сынғаны туралы, енді оны түзету керек. Мен МРТ жасадым. Жарақаттан кейін ми тамырлары зақымданған. Дәрігер ерте ме, кеш пе, бұл жарақат маған «өзін көрсетеді» деді.

– Неге сонша уақыт өткен соң, осының бәрін жария етуге шешім қабылдадыңыз?

— Мұндай агрессия жазалануы тиіс. Басқа адаммен осындай әрекет ететін кез келген адам жазалануы тиіс. Мен бұл жалғыз жол деп шештім.

P.s. біз Әсел сөйлескеннен кейін, телефон арқылы редакция Хайдар Жексеновпен байланысты. Ол 18 мамырда оны органдардан босатқанын және қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Біз ажырасу жағдайында тұрмыз. Ресми түрде ажырасқан жоқпыз. Қазір оның өтініші бойынша тексеру жүріп жатыр, егер сот оны өтірік айтты деп ұйғарса, мен оны сотқа беремін. Және сізді де», – деп ескертті ол.

Полицияда Хайдар Жексенов 18 мамырда жағымсыз себептермен жұмыстан шығарылғандығын растады.

Лұқпан Ахмедьяров

Нана Иксанова

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-07-01
Утром15.85 ℃
Днем22 ℃
Вечером19.84 ℃
Ночью15.51 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра8.92 м/с
2022-07-02
Утром14.09 ℃
Днем17.88 ℃
Вечером14.21 ℃
Ночью13.7 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра9.77 м/с