Бүгін Қазақстанның барлық мектептерінде онлайн соңғы қоңырау соғылады

Министрлік 25 мамырда соңғы қоңырау мерекесі міндетті түрде онлайн режимде өткізілетіндігін хабарлады.

Көрнекі сурет

25 мамыр сағат 11.00 -де телеарналар арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов түлектерді құттықтайды. Сонымен қатар, барлық мектептерде мүмкіндігінше ата-аналардың, қамқорлық кеңес мүшелерінің, бизнес өкілдерінің, мектепті үздік бітірген бұрынғы түлектердің қатысуымен 1-10 сыныптарға арналған онлайн соңғы қоңырау өткізіледі. «25 мамырда онлайн режимінде 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау сынып сабақтарын өткізіледі. Жыл қорытындысын сол жерде әр сынып бойынша жасауға, оны әртүрлі уақытта өткізуге болады. Оны асыра ұйымдастырудың қажеті жоқ. Әр сынып жетекшісі қай уақытта, қалай өткізетіндігін ешқандай есепсіз, сұраусыз жеке тәртіпте өткізуі тиіс», – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов министрлікте өткен жиында. Ал 11 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау 3-4 маусым күндері өтеді. Онда адам саны шектеліп, санитарлық нормалар қатаң сақталуы тиіс.

ҰБТ 20 маусымнан 5 шілдеге дейін өтеді, БҚО 5142 түлектің 4366-сы қатысуға өтінім берді. Білім басқармасының парақшасында оқушылар үшін ҰБТ-ға онлайн дайындық жүргізілгенін жазды.

Биыл жыл сайынғы аттестат тапсыру рәсімін мектеп аулаларында ашық ауада барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып ұйымдастырады. Бұл туралы журналистермен өткен онлайн-брифинг барысында Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

– Әдетте бұл оқиға маусымның ортасында өтті. Бірақ, қорытынды аттестаттаудың күшін жоюды ескере отырып, іс-шараны өткізу маусымның басына ауыстырылды. Аттестаттарды тапсыру 3 және 4 маусымда өтеді. Мектеп аумағында, ашық ауада, қонақтарды шақырусыз, тек түлектердің қатысуымен, – деді Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ, министр марапаттау кезінде түлектер үшін соңғы қоңырау соғатынын айтты. Іс-шарада оқушыларға қарапайым мектеп түрінде болу ұсынылды.

Салтанатты бөлімнен кейін ағаш отырғызу акциясын ұйымдастыру жоспарлануда. Енді мұндай акция 25 мамырға қарай үнемі болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

19 − 7 =

x
2023-05-29
Утром19.92 ℃
Днем31.58 ℃
Вечером30.9 ℃
Ночью22.23 ℃
Влажность21 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра4.82 м/с
2023-05-30
Утром20.74 ℃
Днем28.34 ℃
Вечером27.38 ℃
Ночью25.77 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра7.55 м/с