Оралда әйелдер волейболының танымал жаттықтырушысы өмірден өтті
Куленке (Насен) Губашев облыстағы әйелдер волейболының және «Грация-KZ» волейбол командасының негізін қалады. 1980 жылдан бастап облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жұмыс істеді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінде Күленке Әміржанұлы батыл, жанкешті, спортқа өте адал және волейболды дамытуға үлкен үлес қосқан адам болғанын атап өтті.
– Батыл, табанды адам бола отырып, өз өмірінің соңына дейін әйелдер волейболының мүддесін қорғап, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті спортшыларды тәрбиелеу үшін барлық күш-жігерін жұмсады, әйелдер волейбол командасының лайықты имиджін қалыптастыру үшін жемісті еңбек етті. Талантты жаттықтырушының жоғары кәсіби қасиеттерінің арқасында еліміз жетекші ойыншыларды, ҚР Ұлттық құрамасының мүшелерін, Сана Анарқұлова (Жарылғасова), Зарина Сейтказинова, Айнагүл Айжарикова және т.б. танып білді, – деп хабарлайды БҚО әкімдігі.

Әріптестері Күленке Әміржанұлының-«Грация-KZ» әйелдер волейбол командасын құруы, оның қажырлы еңбегінің арқасы дейді. Тәжірибелі жаттықтырушы әр ойыншыны ерінбей шындап, команданы ҚР үздік командаларына шығарды. Бүгінде «Грация-KZ» республикалық деңгейде беделге ие.
Жұмысты ерекшке құлшыныспен істеді, соңғы нәтиже мен сапаға еңбек етті,өзіне де, басқаларға да қатал болды. Алайда, жүрегі нәзік, мейірімді, жауапты адам еді.
Бес қыздың әкесі бола отырып, ол өз тәрбиеленушілеріне шынайы әкелік қамқорлығын көрсете білді, оларға әрдайым қорған болды, көмектесуге, қолдауға, бөлісуге дайын болды. Бұл бірлік пен ынтымақта команда жетістігінің кепілі еді.
Дарынды тәлімгердің өмірден өтуі-бұл облыстың спорт қоғамдастығы үшін орны толмас жоғалту.
Біз орны толмас қайғыға ортақтасып, отбасы мен туыстарына және жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Күленке Әміржанұлының жарқын бейнеі спорт жанкүйерлерінің жүрегінде мәңгі өмір сүретін болады.