Теңіз кен орны коронавирусқа байланысты жабылуы мүмкін
ҚР Бас санитарлық дәрігері Теңіз кен орны жақын арада мәжбүрлі түрде жабылуы мүмкін деп мәлімдеді. Бұл кен орнындағы коронавирус аурушаңдығының өсуіне байланысты. Егер ауырғандар өсімі төмендемесе, кен орны жабылады, деп хабарлайды azh.kz.

20 мамырда кен орнын жабу мүмкіндігі туралы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
– Бүгінгі таңда Теңіз кен орнында 935 жағдай тіркелген аурушаңдықтың өсуі байқалады. Теңіздегі аурушаңдықтың өсуін ескере отырып, Атырау облысына үкіметтік комиссия жіберілді. Аурушаңдықты төмендетуге бағытталған жұмыстардың жоспары мен кестесі қабылданды. Қазіргі уақытта осы жоспардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету қажет, әйтпесе бұл ауру санының артуына және кәсіпорынның мәжбүрлеп жабылуына алып келуі мүмкін, — деді Есмағамбетова.
ҚР Бас санитарлық дәрігері Теңізде 935 COVID-19 оқиғасы туралы хабарлады. Жергілікті штабта хабарлағандай, бұл барлық аймақтар бойынша деректер. 24 мамырдағы мәлімет бойынша Атырау облысында жұқтырғандардың жалпы саны — 891.