«Біздің аулада сауда орталығы болмайды» — Орал тұрғындары құрылысқа тыйым салды
Қалалық мәслихаттың депутаты Валентина Михно 26 мамыр күні тұрғындармен кездесіп, орталықтың құрылысы болмайды деп мәлімдеді.
Төрт бірдей бес қабатты үйдің ауласында орналасқан «Жайық» базары көп жылдар бойы осы үйлерде тұрып жатқан барлық адамдардың бас ауруына айналды. Ал жақында оны бөлшектеп, сол жерде сауда орталығы салынатыны туралы жаңалыққа тұрғындар тіпті наразы болды.
Жер иесінің өкілімен болған соңғы кездесуде тұрғындар қалалық билік базарды алып, сауда орталығының жоспарланған құрылысын тоқтатсын деп мәлімдеді.
Қалалық мәслихаттың депутаты Валентина Михно 26 мамырда тұрғындармен кездесіп, сауда орталығының құрылысы тоқтатылып жатқанын хабарлады.
— Біз мұндай хабарға өте қуаныштымыз, иығымыздан жүк түскендей болды. Биліктің біздің мәселеге көңіл аударуына қаншама рет күш салдық. Енді бұл артта қалды, – деді Руслан Темерешев.
Айта кетейік, тұрғындар бірнеше рет өз ауласында жиналып, кездесуге қалалық билік өкілдері мен «Жайық» базарының иесін шақырған. Тұрғындар округ депутаттарына, базар мәселесін шешіп, ауланы абаттандырып, балалар алаңын салуды сұрады.
Бірақ ештеңе жасалған жоқ.
Валентина Михно, журналистпен телефон арқылы сөйлескенде, жағдайға түсініктеме беруден бас тартып «бәрін тұрғындардың өздері істеді».…деді
Сондай — ақ, оқыңыз: «Бізге ауланың ортасында сауда үйі қажет емес» – Орал тұрғындары (БЕЙНЕ)
Мария Драчева