Оралда «Жайықжылуқуат» АҚ қызметкерлері күніне төрт сағат жұмыс істейді

Кәсіпорындардағы осындай жұмыс кестесі 1 маусымнан басталады. Ол бойынша әкімшілік-басқару персоналы мен қосалқы қызметтердің қызметкерлері жұмыс істейтін болады. Ұйымның хабарлауынша, бұл уақытша жұмыс режимі.

Фото Артем Букреевтікі

«Жайықжылуқуат» бас директорының кеңесшісі Вячеслав Солодилов осындай кестеде кәсіпорын қызметкерлері маусым айының соңына дейін жұмыс істейтін болады деп мәлімдеді.

Біріншіден, мұндай шешім бас санитарлық дәрігердің қаулысымен 15 маусымға дейін ұзартылды. Соңғы аптада коронавирус ауруымен ауырғандардың қала және облыс тұрғындарының ішінде күрт өсуі байқалады. Біздің қызметкерлер арасында жұқтыру қаупін азайту үшін басшылықпен күніне 4 сағат жұмыс істеу ұсынылды, – деді Вячеслав Солодилов.

Бас директор кеңесшісінің айтуынша, 4 сағат жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлеріне жалақы жұмыс істеген сағаттар негізінде есептелетін болады. Сондай-ақ, директордың кеңесшісі кәсіпорын басшылығы толық күн жұмыс істейтіндігін, бірақ оларға тек 4 сағатты есепке ала отырып есептеу жүргізілетінін атап өтті.

Төрт сағаттық жұмыс күніне ауысудың негізгі себептерінен басқа, басқа да себептер айтылды.

– Қазір кәсіпорында экономикалық жағдай күрделі.Ұйым акционерлік қоғам болып табылады, сондықтан біз жалақыға ақшаны өзіміз табамыз. Себебі, пандемияға және қалыптасқан жағдайға байланысты «Жайықжылуқуат» алдындағы қарызы бар шағын және орта бизнес өкілдеріне 1 қазанға дейін ақы төлеуді кейінге қалдырды. Борышкер кәсіпорындар көп, бірақ қазір олар төлей алмаса, онда кәсіпорында қаржылық қиындықтар туындайды. Біздің зейнеткерлер негізгі және адал төлеушілер болып қалады. Әрқашан төлейді. Сонымен қатар коммуналдық қызметтердің төлемі бірыңғай төлем құжаты – түбіртекте тіркеледі. «Батыс энергоресурсы» ЖШС қызметкерлері оларды абоненттерге таратады, төтенше жағдай және карантин салдарынан екі ай бойы түбіртектерді таратпады. Олар мамыр айында ТЖ режимін алып тастағаннан кейін, қазір ғана қызметтерді тұтыну үшін төлем жасай бастады. Бұл жағдай да біздің кәсіпорынның қаржылық құрауышына әсер етті, – деді Вячеслав Солодилов.

Сондай-ақ, ол кәсіпорын қызметкерлері басшылықтың төрт сағаттық жұмыс күніне көшу туралы шешіміне түсіністікпен қарағанын атап өтті.

Мария Драчева

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

nine − 7 =

x
2024-02-29
Утром-17.76 ℃
Днем-5.55 ℃
Вечером-8.24 ℃
Ночью-12.96 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1039
Скорость ветра1.45 м/с
2024-03-01
Утром-14.23 ℃
Днем-3.92 ℃
Вечером-7.31 ℃
Ночью-11.95 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1038
Скорость ветра1.19 м/с