Финтес, SPA орталықтар, кинотеатр: Үкімет жуырда ашылатын нысандар тізімін жариялады

Спорт және мәдениет объектілері көрерменсіз жұмыс істей бастайды.

Фото: primeminister.kz

Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия халық пен мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, елімізде шектеу шараларын төмендету бойынша қосымша шешімдер қабылдады.

2020 жылғы 1 маусымнан бастап:

1) өңіраралық блок-бекеттер алынады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлер мен өңірлер әкімдіктерінің шешімі бойынша коронавирустың таралу ошағы бар аймақтарда жергілікті блок-бекеттер сақталуы мүмкін.

2) Қазақстанның облыс орталықтары мен ірі қалаларына темір жол тасымалдары, сондай-ақ өңіраралық автобус жолаушылар тасымалдары қайта жаңғыртылады.

Жолаушыларды тасымалдау қатаң түрде Денсаулық сақтау министрлігінің бекітілген санитарлық талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Теміржол және автовокзалдарда бекітілген талаптардың орындалуы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерінің бақылауында болады.

3) Финтес және SPA орталықтарының қызметі қайта жанданады;

4) Спорт және мәдениет объектілері көрерменсіз жұмыс істей бастайды.

5) Балалардың мектепке дейінгі мекемелерінің, қосымша білім беру ұйымдарының (бір топта 15 баладан көп емес), ғылыми-зерттеу институтарының және ғылыми орталықтардың жұмысы іске қосылады.

2020 жылдың 15 маусымынан бастап санитарлық талаптарды сақтаған жағдайда кинотеатрлардың жұмысы қайта қалпына келтірілетін болады.

Сонымен қатар бірқатар елдерде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын ескерумен, Ведомствоаралық комиссия мемлекеттік органдарға халықаралық әуе рейстерін кезең-кезеңмен жаңғырту мәселесін пысықтауды тапысрды (І кезең аясында Оңтүстік Кореямен, Қытай Халық Республикасымен, Әзербайжанмен; ІІ кезең аясында Біріккен Араб Әмірлігі, Германия, Түркия және Тайландпен).

Халықаралық әуе рейстерінің қайта ұшырыла бастайтын күні мемлекеттік шекаралардың ашылуына және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты анықталатын болады.

Бірқатар салалар мен объектілердің жұмысқа кірісуін ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия қазақстандықтар үшін аурудың алдын-алу шараларын қатаң сақтау қажеттілігін еске салады (бетперде кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, қарым-қатынасты азайту).

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

13 − 7 =

x
2023-09-25
Утром18.38 ℃
Днем25.71 ℃
Вечером24.52 ℃
Ночью22.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра3.07 м/с
2023-09-26
Утром17.48 ℃
Днем25.78 ℃
Вечером22.8 ℃
Ночью17.9 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра3.71 м/с