Ақсайдағы блокпостар әзірге қалады
Ақсайдағы блокпостар 5 маусымға дейін қалады. Бұл қаладағы шиеленіскен эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Облыста қалған барлық блокпосталар дүйсенбіден бастап алынады.

Бұл өңірдегі эпидемиологиялық жағдаймен байланысты, — деп хабарлады БҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.
Естеріңізге сала кетейік, 1 маусымнан бастап облыста бірнеше ауданнан басқа блокпосталар алынады. Әзірге облыстан тек Сырым, Тасқала және Жәнібек аудандары «оқшауланған».
Алексей Воробьев