«Ұлымды соққыға жықты»: Сырым ауданының тұрғыны мектеп директорын айыптады

«Баламды сабаған мектеп директоры жұмыстан кетсін»! Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының тұрғыны мұғалімге осындай айып тақты, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Ашық көздерден көрнекі сурет.

Оқушының туыстары, «Мұндай жат әрекетке барған адам ұстаздыққа лайық емес, сондықтан мектептен қуылуы керек», дейді. Олардың сөзінше, бұл оқиға былтыр қараша айында болған. Сабақтан шыққан 11-сынып оқушысын мектеп директоры өз кабинетінде соққыға жығыпты. Қаршадай балаға қаһарын төккен директордың бұлай ашулануына не себеп болғаны да белгісіз.

Алмаз ЖҰМАГЕЛДИЕВ, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АҒАСЫ:

Кім кінәлі, кімдер тергеуге кедергі жасады, сол кісілер тиісті жазасын алса дейміз және баланың құқығы заңды түрде қорғалса деген біздің ойымыз бар. Енді мен ойлаймын, бала жаман болып шыққан күннің өзінде де оны ұруға директордың құқығы жоқ шығар деп. Облыстық полиция департаментінде қылмыстық кодекстің 140шы бабы бойынша іс қозғалған. Яғни, мұғалім лауазымды атқару құқығынан үш жылға дейін айрылуы мүмкін. Бұдан бөлек 160 айлық есептiк көрсеткiш көлемінде айыппұл салынуы тиіс. Ал, облыстық білім басқармасы бұл істің нүктесін сот қоятынын айтып отыр.

Нұргүл ҚАРЕСОВА, БҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Сырым аудандық білім беру бөлімінің мәлімдемесі бойынша Ақбасов директорлық лауазымнан шеттетіліп, сол мектепте басқа қызметте жұмыс істеп жатыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.65 ℃
Днем21.32 ℃
Вечером15.03 ℃
Ночью13.49 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.27 м/с
2026-10-15
Утром14.43 ℃
Днем21.44 ℃
Вечером16.26 ℃
Ночью13.64 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.53 м/с