ҚАЗАҚСТАНДА ШЕКАРАНЫ КЕСІП ӨТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
Қазақстанда мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі өзгерді.
Атап айтқанда, келесі өзгерістер болды:
Шетелдіктерге Қазақстанға кіру үшін коронавирусқа теріс нәтижесі бар ПТР-тестінен өту туралы анықтама талабы жойылды.
Арнайы құрылған ведомствоаралық комиссияның тізіміне сәйкес мемлекеттік органдардың қолдаухаты бойынша білікті қызметкерлер қатарынан шыққан азаматтарға Қазақстаннан шығуға рұқсат берілді. Бұл ретте әрбір жағдай жеке қаралады, міндетті шарт-баратын еліне кіруге ресми рұқсат.
Шетелдіктерге емделу үшін Қазақстанға келуге рұқсат етілген. Бұл үшін растайтын құжаттар қажет.
Шетелдік оқу орындарының студенттеріне студенттік визаларды ұзарту, емтихан тапсыру, ID-карталарды ресімдеу үшін Қазақстаннан шығуға рұқсат берілді.