«Біз банкроттың алдындамыз…» – БҚО рестораторлар мен қоғамдық тамақтану қызметкерлері облыстың бас санитарлық дәрігеріне жүгінді

Облыстың екі жүздей реставраторлар өкілдері өз ғимараттарында карантин кезінде іс-шаралар өткізу шарттарын өзгертуді сұрайды. Реставраторлардың белсенді тобы облыстың кәсіпкерлік палатасы басшылығымен, бас санитарлық дәрігерімен кездесті.

Артем Букреевтің суреті.

Кездесу барысында рестораторлар бұрынғыша шығынға ұшырап жатқанын және әлдеқашан минусқа кеткенін айтты. Клиенттер іс-шаралар үшін алдын ала төленген төлемді алу үшін күн сайын келеді.

Кәсіпкерлердің айтуынша, олардың клиенттері енді өздерінің мерекелік шараларын киіз үйлерде, коттедж жалдап атап өтуде, ал бұл жерлерде санитарлық талап сақталмайды. Ал банкет залдарында санитарлық нормаларды сақтау бойынша барлық жағдайлар бар.

Осы фактілер туралы айтып, кәсіпкерлер , БҚО бас санитарлық дәрігері Мухамғали Арыспаевтан 30 адамға емес, кем дегенде 50-100 адамға дейін шара өткізуге рұқсат беруді ұсынды.

Мейрамханалардың иелері отыратын орындар санының артуы оларды аз да болса сақтап қалуға мүмкіндік беретініне сенімді,әйтпесе қазір той маусымы мен әр түрлі салтанаттар басталғанда олар банкротқа ұшырағандықтан жабылуға тура келеді.

Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Марат Нұрғуатов мәселені шешу жолдарын ұсынды. Бас санитарлық дәрігерге рестораторлардың барлық ұсыныстарын қарап, бизнеске қолдау көрсету ұсынылды.

Мухамғали Арыспаев кәсіпкерлердің барлық тілектерін тыңдай келе, басқа аймақтарда адамдардың жаппай коронавирус ауруын жұқтыру орын алғанын айтты.

– Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында ауырғандар саны бойынша екінші орында, өлім-жітім жағдайлары бар. Киіз үйлер мен коттедждерде отбасылық салтанаттарды өткізуге келетін болсақ, бұл мәселе тәртіп сақшыларының бақылауында. Рейдтер жүргізіліп, айыппұл салынады. Санитарлық талаптарды елемейтін тасымалдаушыларға, ірі сауда және басқа да объектілерге қатысты да қатаң шаралар қабылданатын болады, — деп хабарлады Мұхамғали Арыспаев.

Сондай-ақ, бас санитарлық дәрігер аурушаңдық төмендесе, шектеу алынып тасталатынын айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпкерлер екі данада өтініш жазып, олардың барлық талаптарын көрсету керек деген шешімге келді. Бір нұсқа кәсіпкерлер палатасына, ал екіншісі – облыстың бас санитарлық дәрігеріне жіберіледі. Облыс әкімінің қатысуымен өтетін жедел штаб отырысында қаралатын болады. Кәсіпкерлерге сол күні жауап беруге уәде берді.

Мария Драчева

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-13
Утром13.24 ℃
Днем21.54 ℃
Вечером23.33 ℃
Ночью18.93 ℃
Влажность53 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра3.92 м/с
2025-05-14
Утром16.05 ℃
Днем20.26 ℃
Вечером14.75 ℃
Ночью13.6 ℃
Влажность75 %
ДавлениеhPa 1000
Скорость ветра9.71 м/с