«Омега» көпіріндегі жиектастардың 70% құрылыс нормаларына сәйкес келмейді
Бұл туралы объектіге БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің сапар барысында белгілі болды. Өңір басшысы сәйкес келмейтін жиектастарды ауыстыруды тапсырды. Ал, «Двин строй» ЖШС директоры Карен Даниелян сараптама нәтижелерімен келіспейді.

Көпірде маман ұсынылған үлгілерді арнайы құралмен тексеріп, «Двин-Строй» ЖШС үлгісінде жиектастарды — 33 мегапаскаль (МПа), бетон маркасы Б-30 — 39,3 МПа нормада екенін анықтады.
«Цементті үнемдеген болар, көптеген факторларды білмеймін», — деді бордюрлердің беріктігін өлшейтін маман.


«АБС» ЖШС-нің екінші үлгісінде құрал 55,5 МПа көрсетті, бұл сапа нормасынан екі есе артық.

«Сол фирма [«Двин-Строй» ЖШС-«ОА»] екі жылдан бері «Депо» көпірінде тұрған жиектастарды дайындады. Мүмкін дәл осы партия (үлгіні көрсетеді) нормаларға сәйкес келмейді, бірақ бізде басқа партия тұр», — деп «Ка-Строй ЛТД» ЖШС мердігер фирма учаскесінің бастығы Бахыт Бектұрғанов түсіндірмекші болды.
«Неге құрылысты бастамас бұрын сараптама жүргізбеке? Сізге қандай фирмамен жұмыс істеу керектігін біреу айтады ма?»,– деді Ғали Искалиев.
«Жоқ, біз бұрын осы фирмамен жұмыс істедік. Ал бұл жиектас туралы (қайтадан үлгіні көрсетеді) мен білмеймін. Мұнда «Двин-Строй» ЖШС өкілі бар, содан сұрай аласыз», – деді Бақыт Бектұрғанов.
«Онда түсіндірсің», — деді БҚО әкімі.


«Біріншіден, бұл үлгіні осында менің қатысымсыз алып келді. Бұл ренішті жағдай», – деп бастады ол.
«Молдағұлова көшесінде жатырған сіздің жиектастар ма? Олар үгітіліп жатыр ғой», —деп әкім сөзін бөлді.
«Менікі, бірақ бәрі емес. Олар жүк тракторларының кесірінен үгітілуде.М-400 жүрмеуі керек, түсінесіз бе… трактор келсе, ол оны сындырады!»- жеп жауап берді Карен Даниелян. — «Ал бұл үлгі менікі емес, Мен оны, маған айтпай қайдан алғандарын білмеймін, барып тұрған бассыздық, менің фирмамды жазып қойыпты тіпті!».

Әкімдік қызметкерлері үлгіні Лесозащитная көшесінен алды, онда «Двин-Строй» бордюрлері жатқан. Ал сіз білмейсіз, өйткені эксперимент тазалығы үшін барлық үлгілерді өндірушілердің білуінсіз алып келді.
Сөз соңында БҚО әкімі Б.в. КПО барлық нысандарын және «Двин-Строй»ЖШС жиектастарын пайдаланған бюджеттік нысандарды қайта тексеруді тапсырды.
«Нормаға сәйкес келмейтіндерін-алмастырсын», – деп тапсырды Ғали Есқалиев.
«322 жол жиегінің 61-і ғана сапа стандарттарына сәйкес келеді. Қалғандары-жоқ. Асфальт төселгенше ауыстыруға болады», — деді БҚО бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК филиалы директорының м.а. Санжан Қабышев.

Естеріңізге сала кетейік, «Омега» көпірінің құрылысы 2018 жылдың қараша айында басталды. Жобаның бас жобалаушысы Павлодар қаласының «ТС-Индустрия» ЖШС, ал мердігер «Ка-Строй ЛТД» ЖШС болды. Олар «Депо» көпірін салды. «Омега» көпірін пайдалануға беру маусым айының соңына-2020 жылдың шілде айының басына жоспарланған.
Нана Иксанова
Фото: Нана Иксанова, Исатай Ермеков