Оралда қалалық саябақ жабылды

Қарапайым санитарлық талаптар сақталмағандықтан саябақ 4 маусымнан бастап уақытша жабылады.

«ОА» мұрағатынан сурет.

31 мамыр күні Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков пен қаланың бас санитарлық дәрігері Мәдениет Танауов саябақты жалға алушылармен кездесті. Сол кезде карантиндік режимді және санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтау туралы түсініктеме берілді. Кәсіпкерлер барлық жағдайды мүлтіксіз ұстанып, келушілер мен өз клиенттерінен санитарлық ережені сақтауды талап етеміз деп сендіргенмен іс жүзінде басқалай шықты.

Қала әкімдігінен хабарлағандай, жүргізілген рейд барысында мониторингтік топ тарапынан көптеген бұзушылықтар анықталды. Қорғаныс шараларын жалға алушылардың өздері де, олардың клиенттері де орындаған жоқ. Сауда нүктелерін жүйелі түрде дезинфекциялау жүргізілген жоқ. Осы мәліметтерді  фото – және бейне көрсетулермен растайды.

– Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары қалалық мәдениет және демалыс саябағы ағымдағы жылдың 4 маусымынан бастап келушілер мен жеке кәсіпкерлердің санитарлық нормаларды сақтамауынан уақытша жабылады,-деп хабарлады БҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Орал қаласының әкімдігінде атап өткендей, саябақта қарапайым санитарлық талаптар сақталмаған – сатушылар бетперде тақпаған, қалалықтар да бетпердесіз серуендеген, кіре берісте санитарлық нормалардың сақталуын қадағалайтын қызметкерлер болмаған.

Естеріңізге сала кетейік, Мәдениет және демалыс саябағы 15 мамырда ашылды. Ол сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-23
Утром0.6 ℃
Днем3.99 ℃
Вечером5.05 ℃
Ночью0.1 ℃
Влажность70 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра5.71 м/с
2025-03-24
Утром-2.24 ℃
Днем5.97 ℃
Вечером6.69 ℃
Ночью2.24 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1034
Скорость ветра5.18 м/с