Батыс Қазақстан облысы әкімдігіне санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуына бақылауды күшейту тапсырылды

Жасыратыны жоқ кейбір өңірлерде қарантин шараларын жеңілдету коронавируспен ауырғандар санының көбейуіне себеп болып отыр.

«ОА» мұрағатының суреті

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында еліміздегі қазіргі эпидемиологиялық жағдай, халықты жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, шетелдегі ҚР азаматтарын елге қайтаруды ұйымдастыру және басқа да өзекті мәселелер қаралды, деп хабарлады ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өз баяндамасында кейбір өңірлерде қарантин шараларын жеңілдету коронавируспен ауырғандар санының көбейуіне себеп болғанын атап өтті. Осыған орай, Премьер-Министрдің орынбасары Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары әкімдіктеріне өңір бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуына бақылауды күшейтуді, оның ішінде шектеу шараларын күшейту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

«Өңір әкімдіктері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауы тиіс. Талаптарды орындамаған бизнес субъектілерінің қызметін анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше уақытша тоқтату қажет. Бұл шаралар азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды», — деді Ералы Тоғжанов. Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов бірнеше нақты тапсырмалар берді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-16
Утром13.19 ℃
Днем20.19 ℃
Вечером19.77 ℃
Ночью15.08 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра4.84 м/с
2025-05-17
Утром12.22 ℃
Днем21.27 ℃
Вечером20.63 ℃
Ночью15.3 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра9.27 м/с