Оралда үш автобус бағыты тоқтатылды

Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің Instagram аккаунтында хабарлады. Биліктің кенеттен шешімі адамдардың санитарлық тәртіпті сақтамауымен және қоғамдық орындарда бетперде тақпауымен түсіндіріледі.

«ОА» мұрағатынан сурет.

Орал қаласының ТКШ жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Алмаз Ахошев 4 маусымнан бастап №3 және №10 бағыттағы автобустардың қозғалысын тоқтатты. Маршруттар «№1 ЖАК» (жолаушылар автомобиль кәсіпорны) ЖШС және»Ақжол-Авто» ЖШС тиесілі.

– Автобустарда санитарлық талаптар сақталмайды, жүргізушілер мен кондукторлар бетпердесіз және қолғапсыз жұмыс істеді, салондарды өңдеу жүргізілген жоқ, дезинфекция өткізілген жоқ. Біз бірнеше рет тексерулер жүргізіп, барлығына ескерттік. Нәтиже шығармағасын тоқтатуға тура келді. Егер тасымалдаушылар талаптарды одан әрі бұзса, біз автобустарды рейстен шығарғанға дейін шаралар қабылдайтын боламыз, – деп атап өтті Алмаз Ахошев.

Сонымен қатар, Алмаз Ахошев жолаушылар санитарлық талаптарды жиі елемейді деп атап өтті.

– Әр жолы адамдар жеке қорғаныс құралдарынсыз автобустарға отыратынын көріп отырмыз. Өтініштерге әртүрлі жауап береді: біреу жауап бермейді,енді біреуі мыж-мыж, лас бетпердесін қалтасынан шығарып тағып алады. Сондықтан да болмайды, – деді сектор меңгерушісі.

Естеріңізге сала кетейік, 30 мамыр күні коронавирус ауруымен ауырғандар санының айтарлықтай өсуіне қарамастан, облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен БҚО-дағы көптеген сауда үйлері мен қоғамдық нысандар ашылды.

Нана Иксанова

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

four × 5 =

x
2023-09-30
Утром11.08 ℃
Днем18.86 ℃
Вечером16.9 ℃
Ночью13.16 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра5.09 м/с
2023-10-01
Утром9.48 ℃
Днем18.49 ℃
Вечером17.15 ℃
Ночью13.96 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра2.74 м/с