БҚО кәсіпорындары қайтадан карантинге жабылуда

Бұл туралы брифингте облыстың бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаев мәлім етті. Карантиннің күшеюіне ауырғандардың жартысынан көбі облыс тұрғындарынан шығуы себеп. Рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімін  № 13-ПГВр  10 мамыр 2020  жылғы қаулысынан қарауға болады.

Иллюстрациялық фото. Оралдың орталық базары. Фото: Нана Иксанова

Сонымен қатар, кез келген үй қуаныштары мен мерекелерге қатаң тыйым салынады. Полиция бұл үшін айыппұл салуға құқылы.

Қоғамдық көлік таңертең 6.00-12.00, ал кешке — 17.00-21.00 жүреді.

Барлық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар күнделікті жұмыс күндері сағат 9.00-13.00-ге, ал демалыс 10-16.

Кафелердің және қоғамдық бірлестіктердің жұмысы рұқсат етілді. Бірақ сыйымдылығы 30 адамнан аспауы тиіс және оларда кальян шегуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, санитарлық дәрігер кез келген бұқаралық іс-шараларға (бейбіт жиналыстар мен митингілерді қоса алғанда) баруға тыйым салынатынын, ал ұйымдастырушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, 2 маусым күні Орал белсенділері қалалық әкімдікке бейбіт митинг өткізу туралы хабарлама берген. Алайда, 4 маусымда өткізуге рұқсат бермеді.

Бұл шаралар 15 маусымға дейін енгізілді.

2020 жылғы 5 маусымдағы жағдай бойынша қалада коронавирус ауруының 776 жағдайы тіркелген. Олардың ішінде 344 сауықтырылғандар және 1 өлім жағдайы.

БҚО бас санитарлық дәрігерімен брифинг жазбасын мына жерден көруге болады:

Нана Иксанова

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-11
Утром6.9 ℃
Днем9.12 ℃
Вечером7.97 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность69 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра8.23 м/с
2026-04-12
Утром6.83 ℃
Днем14.71 ℃
Вечером16.01 ℃
Ночью12.28 ℃
Влажность69 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра7.54 м/с