БҚО-ның Қарашығанақ кенішінде карантин алынды

Қарашығанақ кенішінде жарияланған карантин бүгіннен бастап алынды, деп хабарлады БҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

«ОА» мұрағатының суреті.

Бірақ та, облыстың бірнеше ауданында карантин әлі де күшінде. Атап айтқанда, Сырым ауданы Жымпиты, Жәнібек ауданы Қамысты және Борсы, Тасқала ауданы Тасқала ауылында карантин сақталып отыр.

Бүгін 22 жаңа жағдай тіркеліп өңірде науқас саны 776 жетсе, соның 344-і жазылып шықты. Қазіргі таңда 32 адам провизорлық, 127 адам карантиндік стационарда жатса, үйлерінде оқшауланғандар саны 1894-ке жетті. Облыста соңғы анықталған 22 науқастың 20-сы – Орал қаласының тұрғындары. Қалған екеуі Сырым және Қаратөбе ауданынан. Соның ішінде төртеуі – бұрын коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар. 5 адамнан профилактикалық мақсатта, 13 науқастан эпидкөрсеткіш бойынша сынама алынды. Өңірде індетке қарсы күрес жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 5 маусымына дейін Қарашығанақ кенішінде карантин жарияланған болатын. «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» (ҚПО б.в.) компаниясы да өзінің сайтында бір қызметкерінен коронавирус табылып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылғанын растаған еді. Кейін «ҚПО б.в.» компаниясы мердігері SICIM фирмасының үш қызметкерінен де індет анықталғанын жария етті. Осыған байланысты Қарашығанақ кенішінде орналасқан SICIM компаниясының барлық қызметкерлері тестілеуден өткізілуде.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-14
Утром-1.48 ℃
Днем1.23 ℃
Вечером0.99 ℃
Ночью-0.96 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра3.14 м/с
2026-03-15
Утром-4.83 ℃
Днем1.2 ℃
Вечером0.19 ℃
Ночью-2.44 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра3.73 м/с