Орал әкімдігі саябақ жерлерін жалға берген адамдардың есімін атаудан бас тартты

Журналистер ресми түрде қала әкімдігінің атынан кәсіпкерлермен жалға алу шартын жасасқан мемлекеттік қызметшілердің атын (және олардың лауазымдарын) атауды сұрады. Алайда, әкімдікте «ашықтық пен шынайлылық» деген ұмтылысқа қарамастан, «азаматтардың мүлкі», жеке кәсіпорындардың коммерциялық қызметі және үшінші тараптарға жарияламау туралы жеке деректерге сүйене отырып, «өздерінікін» атаған жоқ.

Орал қаласының әкімдігі. «ОА» мұрағатынан алынған фото.

Журналистерді «Джуманджи» жер учаскесіне кадастрлық нөмір кім бергені қызықтырды. Яғни, лауазымдық тұлғалардан бұл құжатқа кім қол қойды. Алайда бұл ақпарат жауапта берілген жоқ. (Әділдік үшін бұл жерді жалға алу құны туралы сұраққа жауап берді).

Содан кейін саябақта 2018, 2019 және 2020 жылдары жалпы қанша жалға алушы болды. Оған әкімдік 2018 жылы «Қалалық парк» мен кәсіпкерлер арасында 155 келісім — шарт, ал 2019 жылы 102 келісім-шарт жасалғанын айтты. 2020-да өтініштер әлі қабылданбаған.

Жалға алушылар шарша метрге қанша төлейді деген сұраққа, «Орал қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «ММ-нің өкілетті органы бекіткен тарифке сәйкес кәсіпкерлермен бірлескен қызмет туралы келісім-шарт бойынша төлем жүргізіледі, деп көмескі жауап берді.

Бұл қандай тариф және 1 шаршы метр қанша тұрады, деген сұраққа әкімдік жауап бермеді. Мәтінде нақты сан жоқ. Дегенмен алдыңғы сұрақтарға жауап бергендер қатарында Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Серік Қайырлиев тұрды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БҚО әкімі Ғали Есқалиев мәдениет саябағын қоғамдық ұйым басқармасына беру туралы шешім қабылдады. Мұндай шешімді ол саябақ бойынша жұмыс тобының мүшелерімен кездесіп, қабылдады. Мұндай жерді үкіметтік емес органға беру Қазақстанда алғаш рет жүргізілуде.

Нана Иксанова

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-18
Утром19.94 ℃
Днем28.78 ℃
Вечером30.86 ℃
Ночью26.45 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.04 м/с
2025-07-19
Утром17.17 ℃
Днем25.19 ℃
Вечером26.78 ℃
Ночью18.79 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра6.33 м/с