БҚО су қоймаларына бір миллионнан астам шабақ жіберілді
Бүгінгі таңда өңірде балық шаруашылығы қызметін жүргізуге жарамды 91 су айдыны анықталды.

Жыл сайын батыс қазақстандық кәсіпкерлер жергілікті тоғандар мен өзендерге балық жіберу үшін жүздеген мың шабақ шығарады. Облыста балық ресурстарының экологиялық жағдайын сақтауға және жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді.
Балық шаруашылығы қызметін жүргізу үшін белгіленген 91 су айдынының 39-ы жергілікті кәсіпкерлерге балық жіберу үшін берілді. Өткен жылы олар облыс су қоймаларына бір миллионнан астам шабақ шығарды.
«Біз тоғанда тұқының үш түрін өсіреміз. Содан кейін оларды жақын өңірлерге таратамыз, сондай-ақ жергілікті су қоймаларына жібереміз. Бұл нақты ауа райы мен техникалық жарақтандыруды талап ететін күрделі мәселе. 100% өсірілген шабақтардың 40% – өсіп кетеді. Сондықтан оларды су қоймасына жіберу алдында, кем дегенде 20 граммға дейін және одан да жоғары өсуге тырысамыз, егер кішкентай болса, оларды жыртқыш балықтар жеп қояды. Шабақтарды іске қосу бойынша барлық жұмыстарды көктем соңында су жылынып, су қоймаларының айналасында шағын төгілулер болған кезде жүргіземіз. Биылғы жылы ақ амур және дөңмаңдай сияқты басқа да балық түрлерін өсіргіміз келеді», – дейді шаруа қожалығының жетекшісі Михаил Марченко.
Шабақтарды өсіру тоғандарындағы су алдын ала сүзіледі, жыртқыш балықтардың, қоңыздардың қоспалары мен дернәсілдерінен тазартылады.
«Егер тоғанда шортан болса, бүкіл еңбек зая кетеді, ол барлық шабақтарды жеп қояды. Ал шабақты өсіру қиын. Алдымен біз арнайы инъекция жасаймыз, содан кейін уылдырықты алып, оны аппаратқа саламыз. Үш-төрт күннен кейін личинки шығарылады. Оны ыдыстарға жинаймыз және өсіру процесі жүріп жатқан тазартылған тоғанға апарамыз. Содан кейін балық табиғи жағдайда өсетін су қоймаларына шығарамыз», – дейді ихтиолог Андрей Волхин.
БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, біздің аймақта негізінен оңтүстік аудандарда балық шаруашылығы белсенді дамуда. Қазіргі уақытта Шалқар көлінің экологиялық жағдайын жақсарту және оның балық өнімділігін арттыру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.