Оралда шабылған ағаштар орнына отырғызылған қылқан жапырақты ағаштар қурап қалды (БЕЙНЕ)

«Омега» зауытының бұрынғы ғимараты маңында отырғызылған жүзден астам ағаш қурап сарғайған. Журналистер қылқандары сарғаймаған он жас қарағайды санады.

Фото Артём Букреевтікі

Жас қарағайлардың жаңа көшеттері сәуір айының соңында, мамыр айының басында отырғызылды. Ал аумақты тазалау (кесу) облыста коронавирусқа байланысты жарияланған карантинді күндердің біріне қойды.Оның үстіне ағаштарды қалалық ТКШ рұқсатынсыз өз бетінше кесіп тастаған. Қарағайлар көп жылдар бойы зауыт ғимаратының жанында және автомобиль жолының бойында өсті. Осы уақыт ішінде қылқан жапырақты ағаштардан тұтас саябақ пайда болған, бірақ олардың барлығын бірнеше сағат ішінде кесіп тастады. Кесілген ағаштарды үйіп тастап, топырақпен көмілген шұңқырларды қалдырып, ағаштардың тамырын қазып алды.

Қазір ағаштардың айналасына арнайы суаруды ұйымдастырды және бұрынғы «Омега» (енді олар «Орал трансформатор зауыты»кәсіпорны) жұмысшылары ағаштарға күтім жасайды.

Бір жұмысшы(ер адам өзінің атын атаудан бас тартты, ол осында жұмыс істейді және соған байланысты проблемалар болғанын қаламайды.автор.ескерт.) ағаштарды  суарып жүріп, уақытында отырғызылмағанын айтты,

— Әрине, мен олардың бәрінің жоғалатынын түсінемін, өйткені біздің облыста білуімше, қылқан жапырақтарды отырғызу оңай емес, егер отырғызған жағдайда , алғашқы екі жылда тұрақты күтім жасау керек. Оларды күзде отырғызу керек. Біз барымызша сақтап қалуға тырысамыз, — деп өз пікірімен ер адам бөлісті.

Неге қарағайлар өліп жатыр? Не себепті көп жылдық ағаштарды кесті және ол үшін кім жауап береді, журналистерге басшылықтың ешқайсысы түсіндірмеді.

Трансформаторлық зауыттың басшысы Ақжол Сауранбаев және оның орынбасары іс-сапарда болды. Алайда, бұл Ақжол Сауранбаев журналистке жағдайды түсіндіре алмағаны алғашқы рет емес.Сауранбаев мырза үнемі жұмыс барысымен іс-сапарда , жылдың кез келген уақытында және кез келген жағдайларда, сонымен қатар орынбасарларының ешқайсысы да әрдайым орнында болмайды. Басқа қызметкерлер ештеңе білмейді және ешқандай қатысы жоқ.

Сонымен қатар, ағаштарды кесу бұрынғы зауыт ғимаратының жаңа басшылығының тәжірибесінде алғаш рет емес. Ақпан айының соңында өз ғимаратының жанында ондаған ағаш кесіліп, олардың арасында қылқан жапырақты ағаштар да болған. Кәсіпорын осылайша өз аумағын абаттандыруды шешті.

Сондай — ақ, оқыңыз:Кесіп тастап жасырыңды — Неге Орал көп ұзамай жасанды дала болады?

Оралда «Омега» зауытының жаңа қожайындары заңсыз көпжылдық қарағайларды кескен

Мария Драчёва

Бейне: Артём Букреев

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-06
Утром17.83 ℃
Днем27.99 ℃
Вечером31.61 ℃
Ночью23.88 ℃
Влажность23 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.77 м/с
2026-09-07
Утром18.06 ℃
Днем22.81 ℃
Вечером15.51 ℃
Ночью14.62 ℃
Влажность54 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.29 м/с