«Air Astana» Алматы-Орал-Алматы бағыты бойынша «Fly Arystan» орнына ұшатын болады
Компания Fly Arystan клиенттерінің алдындағы өз міндеттемелерін орындап қана қоймай, сонымен қатар 21 маусымнан бастап лоукостердің орнына Алматыға дейін ұшуларды жалғастырады.

FlyArystan Авиакомпаниясы 2020 жылдың 20 маусымынан бастап Оралға ұшудан бас тартады,өйткені «Орал» әуежайы авиакомпанияның ұшақтарын кешкі және түнгі уақытта қабылдауға дайын емес.
«Лоукостер Оралға ұшудан бас тартуға мәжбүр, себебі күндізгі уақытта алыс -магистральды ұшуларды орындауға мүмкіндігі жоқ», – деп хабарлады авиакомпаниядағы баспасөз қызметі.
«Орал» халықаралық әуежайының директоры Хайретдин Раскалиев түнгі рейстер қаржылық тұрғыдан тиімсіз екенін мәлімдеді.
«Қызметкерлерді қайта өңдеу және жалпы түнгі уақытта жұмыс істеу ыңғайсыз және тиімсіз. Сонымен қатар, лоукостер-компанияның басшылығы Оралға ұшуларды аша отырып, ұшақтар паркін толықтырып, күндіз ұшуға уәде берді, бірақ бұл болған жоқ. Енді 21 маусымнан 25 қазанға дейін билет сатып алған жолаушыларға «Air Astana» қызмет көрсетеді. Бірақ бұл жолаушылар ғана ұша алады дегенді білдірмейді. Кез келген адам билетті сатып ала алады. Ал қазан айынан кейін наурызға дейін «Air Astana»ұшады. Біз олармен жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз», — деді Хайретдин Раскалиев.
Естеріңізге сала кетейік, FlyArystan «Алматы – Орал — Алматы» бағыты бойынша ұшуларды 2019 жылдың мамыр айында жүзеге асыра бастады.
Нана Иксанова
