Облыстық денсаулық басқармасы: Коронавируден тағы бір өлім тіркелді

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюповтың журналистермен өткен брифингте хабарлауынша, 79 жастағы әйел өз бетімен үйде емделумен айналысқан.

Болатбек Каюпов БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы, журналистермен бриинг кезінде// фото Нана Иксанова

— 22 мамырда науқас әлсіздікті сезініп, оның температурасы 38 градусқа дейін көтерілді. 25 мамырда жағдай нашарлағаннан кейін әйел учаскелік дәрігерге жүгінді. 27 мамырға қараған түні науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының реанимациясына түсті. ПТР емделуші тест 26 мамыр оң нәтиже көрсетті. Пациенттің қосымша аурулары болды — гипотиреоз, 3 дәрежелі артериялық гипертензия. 7 маусымда әйел көз жұмды, — деді Болатбек Қайыпов.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, пациенттің қайтыс болғаннан кейінгі диагнозы — коронавирустық инфекция, ауыр ағым.

Емделушіде жүректің басым зақымдануы мен жүрек жеткіліксіздігімен қатар жүретін гипертензиялық ауруы бар екі жақты полисегментарлы пневмония болды, — деп хабарлады Болатбек Каюпов.

1941 жылы туылған, 79 жасқа шыққан әйел адам қайтыс болды. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Батыс Қазақстан облысында 10 маусым күні коронавирустық инфекциямен аурушаңдықтың 15 жағдайы тіркелді.

— Бұрын анықталған науқастармен байланысқа байланысты 5 пациенттен зертханалық талдау алынды,10 адамнан эпидокөрсеткіштер бойынша сынамалар алынды. 1 пациент Бәйтерек ауданының, 1 — Шыңғырлау ауданының, тағы 1 — Тасқала ауданының тұрғыны, ал қалған 12 пациент Орал қаласының тұрғындары болып табылады, — делінген облакиматтың телеграмм-арнасында.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша барлығында COVID-19 диагнозы нақтыланып, инфекциялық стационарға жатқызылды.

Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

10.06.2020 жылғы жағдай бойынша облыста 878 адам COVID-19 инфекциясымен анықталған, оның ішінде 475 адам сауығып, 3 адам қайтыс болды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-16
Утром-14.83 ℃
Днем-12.78 ℃
Вечером-12.37 ℃
Ночью-12.99 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра7.61 м/с
2026-01-17
Утром-17.86 ℃
Днем-16.43 ℃
Вечером-19.12 ℃
Ночью-21.15 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра6.71 м/с