БҚО-да педофилдікке айыпталушы 22 жылға сотталды. Сот зорлық-зомбылық құрбаны оқыған мектепті тексеруді міндеттеді.
22 жыл бас бостандығынан айыру, оның ішінде 5 жыл сотталған жалғыз адамдық камерада өткізеді, —Орал соты 3 жыл бойы БҚО ауылдарының бірінде өзінің өгей қызын зорлап келген ер адамға қатысты осындай үкім шығарды. Сот сондай-ақ прокурорларды қыз оқыған аудандық мектепті тексеруді міндеттеді. Соттың пікірінше, педагогтар салғырттық танытты.

Сот процесі жабық, екі ай бойы онлайн-форматта өтті. 12 маусым күні Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Ермаханов үкім жарияланды.
– Сұлтанов 3 жыл ішінде жеті рет жас балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Сотталушының кінәсі сотта толық дәлелденді. Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындады, – деді Бақыт Ермаханов.

Судьяның айтуынша, жаза тағайындау кезінде қылмыстың қауіптілік дәрежесін, айыпталушының бірнеше рет соттылығын және прокурордың пікірін ескерді.
– Прокурор сот процесі кезінде Қазақстанның Қылмыстық кодексінің бабында көзделген жазаның жоғары шарасын — 20 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындауды сұрады. Сонымен қатар, сотталушының 2013 жылғы 23 сәуірдегі сот үкімі бойынша жазаның өтелмеген бөлігі — 2 жыл бас бостандығынан айыру (бұрын сотталушы тонау және бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша екі рет сотталған болған ). Осылайша, Сұлтановқа үкімдердің жиынтығы бойынша — 22 жыл бас бостандығынан айыру, өмір бойы педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен байланысты жұмыстармен айналысу құқығы тағайындалды, — деп хабарлады Бақыт Ермаханов.
Сондай-ақ, Бақыт Ермаханов сот қылмыстың қайталануын ескергенін айтты.
– Олардың ішінде сотталған алғашқы 5 жыл бас бостандығынан айыруды толық қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде (жалғыз адамдық камерада) өткізеді. Бас бостандығынан айырудың қалған уақытын — қауіпсіздігі жоғары мекемелерде (ерекше режимдегі түзеу колониясында), — деп хабарлады судья.
Айта кету керек, сот облыс прокуратурасы қыз бала оқыған Жаңақала мектеп-гимназиясының мұғалімдерін және қыздың анасы мен өгей әкесі жұмыс істеген шаруа қожалығының басшысын тексеру үшін жеке қаулы шығарды. Соттың пікірінше, прокурорлар білім беру мекемесі қызметкерлерінің және фермердің немқұрайлылық танытуы мүмкін жауапкершілік деңгейін тексеріп, анықтауы тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жаңақала ауылындағы мектеп-гимназия директоры Лариса Қожахметованың сөйлестік. Ол «ОА» журналистеріне қылмыс туралы белгілі болғаннан кейін баланы мектептен шығармағанын хабарлады. Оның айтуынша, қыз баланы 2019 жылдың мамыр айында полиция тергеу басталғаннан кейін оның анасы қалалық мектепке ауыстырған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы мен жәбірленуші тарапта үкімге шағымдану үшін 15 күн бар.
Мария Драчева