Оралда жолаушылар автобустарының қозғалыс кестесі өзгерді
Облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында қоғамдық көлік шектеулі тәртіптің жаңа кестесінде жүретін болады деп жазылған.

15 маусымнан бастап қалалық маршруттық автобустардың жүру уақыты барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін болады.
1. Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс.
2. Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғану құралдарымен (медициналық маска, қолғаппен) рұқсат етіледі.
Жеңіл көлік пен таксиде (3 адамнан артық емес) болуы тиіс. Такси мен жеңіл автомобильдерде жеке қорғаныс құралдары (медициналық маскалар, қолғаптар және антисептиктер) болуы тиіс.
Сондай-ақ, қаулыда қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы халық үшін жадынамалар, оның ішінде Төтенше және авариялық қызметтердің барлық қажетті байланыстарын көрсете отырып, сақтық шараларын, көшелерде жүріс-тұрыс ережелерін сақтау туралы нұсқаулықтар әзірленетін болады.
Мария Драчева