Орал тұрғындары коронавирусқа арналған тестіні арнайы зертханада тапсыра алады
«Олимп» жеке зертханасы ЦР әдісімен Covid-19 тест тапсыру үшін филиалын ашты. Енді талдау нәтижелерін ұзақ күтудің қажеті жоқ, өйткені оларды басқа қалаға зерттеу үшін жібермей, Оралда жасайтын болады.

Бұл туралы «ОА» тілшілерімен әңгіме барысында облыстың бас санитарлық дәрігері Мухамғали Арыспаев мәлім етті.
– Бізге коронавирусқа жасалған талдаулардың нәтижелерін бірнеше күн күтуге тура келетіні туралы көптеген шағымдар келіп түседі. Бұл талдау үшін жағындыны бізден алып, зерттеуге Атырауға жіберетіндіктен болды. Келесі аптадан бастап бізде зерттеу жүргізетін зертхана жұмысын бастауы керек,ешқайда жібермей-ақ өзімізде талдау жасаймыз.»Олимп» жеке зертханасы коронавирус анализінің нәтижелерін сол жерде зерттеу үшін арнайы жабдықталған бөлмеде филиал ашады, — деді Мұхамедәлі Арыспаев.
Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, талдауды ақылы түрде тапсыруға болады, оның құны 12 мың теңге. Зерттеу үшін биоматериал ретінде мұрын-жұтқыншақ және зевина қолданылады. Тест нәтижелерін беру уақыты 12 сағаттан 24 сағатқа дейін.
Сондай-ақ, Мухамғали Арыспаев облыстық клиникалық аурухана базасында мыңға жуық ПТР-тесттері бар зертхана ашылғанын хабарлады.
– 18 маусымнан бастап Ақсай қаласында зертхана іске қосылды, оны КПО компаниясы ашуға көмектесті. Қазір біз зерттеулер санын кеңейтеміз. Бүгінгі таңда облыста күніне екі мыңға жуық ПЦР-талдау жұмыстары жүргізілуде, – деді Мұхамғали Арыспаев.
Мария Драчева