Оралда АИТВ/ЖИТС-пен күрес орталығы карантинге жабылды
Мекеме басшылығы коронавирус салдарынан Орталық тағы үш күн — 25 маусымға дейін жабық болады деп хабарлады. Осы уақытқа дейін АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қан тапсыруды қажет ететін науқастар мұны істей алмайды.

«Менде АИТВ жұқпасы бұрыннан бар, мен есепте тұрмын. Мен бүгін ЖИТС орталығына қан тапсыруға келдім. Олар мені 16 маусымда шақырды, бірақ мен келмеймін, өйткені жұмыс істеймін, ал қан таңғы 8-ден 11-дейін тапсырылады. Мен бүгін барамын да қан тапсырып, дәрі-дәрмектер аламын деп ойладым. Орталық өзі ашылған, тек қан тапсырылатын есік мөрленген. Мені іштен шығара бастады, дәрігердің қайда екенін сұрадым, маған ол демалыста деп жауап берді. Егер мұндай жағдай болса,неге олар екі-үш ай бұрын дәрілерді беріп қоймайды? Енді мен не істеу керектігін білмеймін», — деді редакцияға қала тұрғыны Матвей Михайлов (аты өзгертілген).
АИТВ/ЖИТС орталығында мұндай жағдай коронавирус салдарынан туындады дейді.
«Біздің орталықта коронавирус ауруы тіркелді. Біз керекті рәсім ережелері бойыншы жұмыстандық, байланыста болғандарды анықтадық, олардың арасында қан алу кабинетінің қызметкерлері болды. Олар карантинге кетіп, COVID-19 анықтау үшін жағынды тапсырды. Сондықтан біз жабықпыз және ақылы да, тегін де қабылдамаймыз. Егер жұма күні ашылса, ол келіп, тапсырады», — деп түсіндірді облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы басшысының м.а. Алмагүл Мантақова.

Орталық басшысының м.а. айтуынша, ер адам уақытында келуі керек еді, алайда бұл кепілдік бермейді, өйткені вирус болған жағдайда жағдайдың қалай өрбігенін ешкім білмеді.
«Біз АҚТҚ-ны жұқтырғандарды белгілі бір уақытта қан тапсыруға шақырамыз. Өйткені тексермей емдеуге болмайды. Пациент қандай клиникалық кезеңге байланысты препараттар алады. Осыдан кейін дәрігер пациенттің дәрі-дәрмектерді қаншалықты дұрыс және уақтылы қабылдайтынын бақылайды: қан зерттеуі емдеу жұмысын көрсетеді. Егер вирустық жүктеме көбейсе — пациент тәртіпсіз және дәрі — дәрмектерді қабылдамайды, ал егер жүктеме анықталмаса-онда бәрі жақсы, және пациент дәрігердің ұсынымымен жүреді. Егер оны қан тапсыруға шақырса, онда ол ережелерді сақтамаған», – деп түсіндірді Алмагүл Мантақова.
Әйелдің айтуынша, бұл дәрі-дәрмектің бірден 2-3 ай бұрын берілмеуінің себебі болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, 1996 жылдан бастап 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін облыс бойынша АИТВ жұқтырған 731 адам тіркелген. Бұл ретте 2020 жылдың 4 айында 39 жаңа жағдай тіркелді. 1996 жылдан бері 45 науқасқа ЖҚТБ диагнозы қойылды.
2020 жылғы 22 маусымдағы жағдай бойынша БҚО-да коронавирустық инфекциямен 1157 адам тіркелді, 30 адам ауыр жағдайда, өкпені жасанды желдету аппаратына 16 адам қосылды.
Нана Иксанова