БҚО-да 2020 жылы жолдарды салу, жөндеу және көгалдандыруға 35,5 миллиард теңге жұмсалады (ТІЗІМДІ ЖҮКТЕУ)
Ақша «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша бөлінеді. БҚО әкімдігі жалпы құны 35,5 миллиард теңге болатын 178 жобаны аяқтауға уәде берді.

Орал қаласына келетін болсақ, қалада 14,7 миллиард теңгеге 72 нысан жоспарланған. Тізімге сонымен қатар 51 603 000 теңгеге арық жүйесін жөндеу, 256 988 000 теңгеге ағаштар мен гүлдерді көгалдандыру, құны 675 446 000 теңгеге 300 орындық №33 ЖОББМ құрылысы кіреді.
Облысқа №21 және №25 ЖОМ күрделі жөндеу 1,2 млрд. теңгеге шығады.
Тізімде келтірілген нысандарда жұмыс істеу үшін облыста 8 788 қызметкер тартылды. Оның ішінде 3 831 адам — Оралда.
БҚО және Орал объектілерінің толық тізімі (жөндеу жұмыстарының тізімі, көшелерді көгалдандыру, аулаларды абаттандыру және т.б.) төмендегі батырманы басып көшіріп алуға болатын кестеде көрсетілген.
Нана Иксанова