Оралда ірі жол апаты орын алды. Көлік жүргізушілерінің бірі қаза тапты
Жол апаты бүгін Шолохов көшесінде орын алды. Куәгерлердің айтуынша, «Lada 2110» көлігінің жүргізушісі ЖЖС бұрылғанда оған «Mercedes» көлігі келіп соғылып, екеуі де жол жанына ұшып кеткен.Оқиға орнында «Лада» жүргізушісі қаза тапты.

— Бүгін сағат 15:30-да Шолохов көшесінде Лада 2110 және Мерседес көлігі соғылды. ЖКО салдарынан Лада 2110 автокөлігінің жүргізушісі ЖКО орнында көз жұмды. ЖКО-ның мән-жайы мен себептері анықталуда, – деп хабарлады БҚО ІІД баспасөз қызметі.

Соққыдан «Лада» көлігінің шатыры жұлынып, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Алексей Воробьёв