«Полиция оның кім екенін біледі» — БҚО-дағы катер иелері Шаған өзеніндегі әйелдің өлімін олардың мойнына «ілеме» деп қорқады
Оралдағы моторлы қайықтардың иелері полицияның тек өткен аптада ғана катерлерді ала бастағанына қатты алаңдауда. Органдарда кінәлінің атын біледі, тек айтпайды сондықтан олар, ол жасықсыз қала ма деп қорқады. Ал катерлерді тексеруге алуды әдейі тым кеш жасауда дейді.
19 маусымда «Ветеран» с/о Шаған өзенінің жағажайында екі катер иесі мен олардың таныстары жиналды. Сол күні полиция Жукалиндер отбасының катерін алып қою керек еді. Валерия Жукалина, полиция катерді оқиға болған соң екі аптадан кейін алып жатқандарына алаңдаулы.
— Қазір тергеуші келуі керек, бізге ештеңе жаппауы үшін, мен оны көзімізше тексеруін өтіндім. Оқиғадан кейін түнде біздің моторлы қайықтан винтін алып кетті, – деді Валерия Жукалина.
Жиналғандар катер астында қаза тапқан әйелді қағып кеткен адамның кім екенін көбі біледі, оның ішінде полиция да дейді. Дегенмен, куәгерлердің болуына қарамастан, тергеу асығар емес:тек екі аптадан кейін полиция қызметкерлері олардың иелерінен катерлерін тексеріске ала бастады.
Алексей Мельгафтың пікірінше: полиция әлі күнге дейін ол Оралда ықпалды, бизнесмен және билікке қатысы бар адам болғандығы үшін жауапқа тартпай отыр.
— Біз әйелді сол қағып кетті деп ойлаймыз. Полицияның ықтимал куәгерлердің үйлеріндегі камераларды тексеруге барғандығына біз таңдандық, бірақ олар кенеттен жұмыс істемейді. Ешқандай жазбалар сақталмады. Сол катердің иесімен таныс бір адам бар. Ол маған сол күні келген фотосуретті көрсетті. Фотосуреттегі уақыт 22:17 болды. Бірақ ер адам мені бірден ескертті: «Егер сен мені айтсаң және маған келетін болсаң, мен ештеңе білмеймін, ештеңе көрмедім, деймін». Біздің ойымызша, полиция бәрін біледі, кінәліні айтпай отыр,оның үстіне жоғары деңгейде. Нұр-сұлтанға Бас прокуратураға хат жазу, тек осылай ғана процесті «жандандыруға» болады деп ойлаймыз, — деді Алексей.
Алексей куәгерлердің көзінше оның кезінде 5 миллионға сатып алған винті мен катерін алып қойғанына ашулы. Ол үшін отбасы әлі күнге дейін несие төлейді. Қайық иелері полиция олардың біреуіне қылмысты «іліп» қояма деп, қорқады.
— Онда 4-5 балықшы болды, олар барлық болған оқиғаны көруге тиіс еді. Адамдар сол жерде суға түсті. Куәгерлерден екі апта бұрын жауап алынды, ал қайықты тек қазір ғана алып жатыр. Егер осы уақыт ішінде катер жүргізушісі барлық зақымдарды қалпына келтірсе, қандай мағына бар? Содан кейін бізде винт алынды, енді катер. Қазір шашты және тағы бір нәрсені соған салады. Денені туғандарға ұзақ уақыт берген жоқ. Содан кейін біз кінәсіз екенімізді қалай дәлелдейміз? Ал кінәлі құтылып кетеді, – дейді Валерия Жукалина.
Әйел адамның айтуынша, оқиғадан кейін түнде полиция жергілікті тұрғындардың катерлерін тексеруге келген. Моторлы қайықтар тексерілгеннен кейін таңертең барлық иелерден бұрандалар алынды. Бір қызығы, винтті алу актісін Валерияның немесе оның күйеуіне Юрийдің қолына бермеді.
19 маусым күні кешке жақын жерде Жукалиндер отбасының катерін алуға ниет білдірген полиция қызметкерлері келді. Іс бойынша тергеушінің өзі келмеді, оның орнына алу ісіне қатысушы, өзін Айшамын деп таныстырған қызметкері келді.
— Не себепті катерді екі аптадан кейін аласыз? -деп, алуға келген қыздан Алексей Мельгаф сұрады.
Мен бұл мәселені білмеймін, себебі тергеуші ресми түрде мен емес, ол маған келіп, тексеру жүргізіп, катерді алуды айтты. Қандай да бір сұрақтар бойынша Абай АІІБ-нің бастығына хабарласыңыз. Катерді тергеу іс-әрекеттері аяқталғанға дейін аламыз, — деп жауап берді ол.
– Мен сараптамадан бас тартпаймын, алдымен бізге катерді бір аптаға алып кететінін айтты, қазір тергеу соңына дейін дейді. Мен бөлімшеге келгенде – «Қазан айына дейін, сау бола тұрыңыз» десе, не деймін. Біз бұл катер үшін несие төлейміз, ал ол полицияда тұр -деп, Валерий Жукалина ашуланды.
Сондықтан олар қайықты тікелей тергеушінің қатысуымен және олардың сұрақтарына жауап бергенде ғана беруге келісті.
Айшаның мен катер иелерінің әңгімесі қалыптасқан жоқ, сондықтан ол кетіп, адамдар іс бойынша тергеуші Диана Аминованы күтіп қалды. Ол компанияға криминалдық полиция бастығы Аслан Айтмұхановпен келді. Олар сараптама нәтижелері әлі жоқ екенін және мерзімі анықталмаған екенін айтты. Күдіктілер бар-жоғы туралы ақпаратты «құпия тергеу»деп атады.
-Біз мұнда тергеушіні ертең бізге қандай да бір іс ілмейтіне сенімді болу үшін шақырдық. Неліктен катерге мүлдем қатысы жоқ адамдардың және қайғылы оқиғаға дейін жүзіген адамдардың катерін алуда? – Валерий Жукалин сұрады.
Диана Аминова қазір полиция БҚО аумағындағы барлық иелерінен катерлерін алып жатыр деп жауап берді.
— Егер катерді алу керек деп шешсем, онда мен келдім де тәркіледім. Мен қазір сіздің катеріңізді тексермеймін, мен оған белгі салам, – деді ол.
Катердің қожайындары полиция процедураны неге бұзды және оларға винтті алу актісін бермеді деп сұрағанда, Диана Аминова мен Аслан Айтмұханов сұраққа сұрақпен жауап бере бастады.
— Ал сізден кім алды? Оның аты кім? Сонда не сұрамағансыңдар? – Жукалиндердің жауабы естілмесін дегендей, тергеушілер дауысы қатты шыға бастады, айнала 30-ға жуық полиция болды, содан кейін дәл сол жерде барлығы сұрақтарын қоя алмады. Қысқа даулардан Жукалиндердің катері полицейлермен тәркіленді.
Полицияның баспасөз қызметі хабарлағандай, облыс бойынша 370 қайық анықталды, оның 29 – ы катер. БҚО ПД баспасөз хатшысы Болатбек Белдібековтің айтуынша, полиция күдіктілер тобын анықтағаннан кейін, тергеу нәтижелері туралы дереу хабарланады.
Қазір 2 катер БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ ЖҚЖ-да, «Динамо»зауытының жанында орналасқан. Су көлігі бар тағы 3 катер, соның ішінде Жукалиндер мен Алексей Мельгафтың отбасылары Орал ІІБ БДПП аумағында орналасқан.
Естеріңізге сала кетейік, Орал қаласының тұрғыны Екатерина Ананьева 6 маусымда қаза тапты. Сол күні ол өзінің саяжай учаскесінде жұмыс істеп, Шаған өзенінде шомылуға бел буды. Алайда, әйел жағаға қарай жүзіп бара жатқанда, оны бірден бой тасалаған катер қағып кетті. Қақтығыс нәтижесінде әйелдің басы мен қолын кесіп тастаған-дененің бұл бөліктері әлі күнге дейін табылған жоқ. Қайтыс болған адамның туыстары іс бойынша тергеудің баяу жылжып жатқандығына наразы, тіпті өзінің жеке куәгері қатыстырылды, алайда әзірге ешқандай нәтиже жоқ.
Воробьёв Алексей, Нана Иксанова