Қазақстанда Ресеймен мемлекеттік шекараны ашу әзірге жоспарда жоқ
Әуе қатынасы туралы мәселе Ресейдегі коронавирустық инфекция жағдайына байланысты қаралады.

Қазақстанда әзірге Ресеймен мемлекеттік шекара ашуды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ шекаралық бақылау департаменті бастығының орынбасары полковник Олег Фисенко ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды Total.kz. тілшісі.
«Бүгінгі таңда бұл мәселе кезең-кезеңмен шешілетін болады. Әзірге Ресеймен мемлекеттік шекара жабық күйінде қалуда, жеке автокөлікпен карантиндік шектеулер кезеңінде шекараны кесіп өту тәртібін айналып өту мүмкін емес», — деді Фисенко.
Ресей Федерациясымен әуе қатынасын қалпына келтіруге келетін болсақ, брифингте нақтылағандай, бұл жерде мәселе Ресейдегі коронавирустық инфекциямен эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып қаралатын болады.
«Барлық халықаралық авиарейстер кезең-кезеңмен қаралып, шешімдер қабылданады. Ресейде коронавирустық инфекцияның жағдайы тұрақтанғаннан кейін симметриялық шешімдерді ескере отырып, халықаралық авиарейстерді қайта жаңарту мәселесі қаралады», — деп түсіндірді Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабулов.
