Полиция Орал қаласының 44 тұрғынын демалыс күндері шектеу шараларын бұзғаны үшін жазалады

БҚО полициясы демалыс күндері шектеулер шараларын бұзғаны үшін Орал қаласының 44 тұрғынына әкімшілік хаттама толтырды. Санитарлық талаптарды бұзған кәсіпкерлерге қатысты тағы 43 материал сотқа берілді.

Көрнекі сурет.

Жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Ернар Сұлтанғалиевтің айтуынша, өткен демалыс күндері рейдтер барысында облыстың 44 тұрғынына хаттама жасалған.

— Біз күн сайын адамдар көп жиналатын жерлерге рейдтер жүргізудеміз. 27 және 28 біз 44 құқық бұзушылықты анықтадық, олар туралы материалдар жиналып, органдарға берілді, — деп толықтырды ол.

Облыстың бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаев Орал қаласының әкімшілік сотына санитарлық талаптарды сақтамаған мекеме иелеріне қатысты 43 материал берілгенін хабарлады. Мұндай тәртіп бұзушылардың саны өткен тәулікте ғана анықталды.

— Әлі күнге дейін сауда нысандарының, шаштараздардың, дүкендердің, мейрамханалардың әкімшіліктері қалыптасқан жағдайды толық түсіне алмай отыр, сондықтан хаттама жасауға тура келеді. Әрбір тәртіп бұзушылық бойынша заңға сәйкес жауапкершілік болуы тиіс, — деп толықтырды Мухамғали Арыспаев.

Естеріңізге сала кетейік, 27 және 28 маусымда Оралда күшейтілген шектеу шаралары енгізілген болатын: базарлар мен сауда үйлері жұмыс істемеді, қоғамдық көліктер жүрмеді, тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берілген болатын. Қалада ауқымды дезинфекция жүргізілді-алаңдар, скверлер, автобустар және автобус аялдамалары өңделді.

Алексей Воробьев

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-16
Утром-14.83 ℃
Днем-12.78 ℃
Вечером-12.19 ℃
Ночью-13.47 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра7.61 м/с
2026-01-17
Утром-17.86 ℃
Днем-16.43 ℃
Вечером-19.12 ℃
Ночью-21.15 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра6.71 м/с