ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше әкімге сөгіс жариялады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жазды.

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақовқа және Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Е.Тоғжановқа сөгіс жариялады.

Ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновке, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевқа, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиевке ескерту жасады.

«Мен алға қойған міндеттер орындалмаған немесе толық орындалған жоқ. Мен бұрын енді басқа ережелер қолданылатын соғыста тұрмыз деп айттым. Бұл фестивальдар мен форумдар өткізу емес. Басқарудың мүлдем басқа стилі қажет. Шын мәнінде дағдарысқа қарсы»,-деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне өңірлердегі ахуалды реттеу қажеттігін ескертті. Аталған мәселе барлық облыстың басшыларына да қатысты екенін айтты.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-19
Утром-12.87 ℃
Днем-9.13 ℃
Вечером-9.01 ℃
Ночью-13.05 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.29 м/с
2026-01-20
Утром-11.88 ℃
Днем-8.96 ℃
Вечером-8.41 ℃
Ночью-9.17 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра2.82 м/с