Қатаң карантин немесе қосымша шектеулер енгізіле ме – Үкімет жуық арада шешім қабылдайды
Оның айтуынша, қатаң карантин енгізілмесе, тамыз айында күніне ауру жұқтырушылар саны 27 мыңға жетуі ықтимал, ал 4 апталық қатаң карантинге көшкенде оны 2 мыңға дейін көлемде еселеп қысқартуға болады.
Еліміздегі коронавирусқа қатысты ахуал үш бағытта өрбуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
«Егер карантин енгізілмесе, тамыз айының соңына қарай күніне 27 мың адам вирус жұқтырады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұлай болған жағдайда қосымша 300 мың төсек орын қажеттігін айтады. Екінші сценарий – екі апталық қатаң карантин. Сол арқылы күніне 7 мың адам кесел жұқтырады. Қажетті төсек орындардың саны 80 мыңға жетеді. Бұл ретте, ең тиімдісі үшінші сценарий деді министр. Ел бойынша төрт апталық локдаун енгізілсе, күн сайын тіркелетін жаңа науқастар саны 2 жарым мыңның шамасында болады», – дейді ол.
Алексей Цой коронавирустың таралмауының алтын ережелері ретінде маска тағып, қолғап киюді, қолды жууды, әлеуметтік қашықтықты сақтап, қоғамдық орындарға барудан, сондай-ақ құшақтасу мен қол алысудан бас тартуды атады. Министрдің айтуынша, өмірді сақтап қалатын бұл ережелер барлығына таныс. Алайда, қазақстандықтар оларды елемейді, ал инфекция адамдар арасында таралып жатыр.
Цой коронавирустың белсенді таралуына байланысты елге бірқатар қосымша шаралар қажет екенін айтып, қазақстандықтарға үндеу жасады. Оның ойынша, бұл инфекцияның «тарату тізбегін» бұзып, эпидемияны тұрақтандырады. Ол үкімет жоспарының жай-жапсарын айтпай, тек карантин мен қатаң шектеу шаралары арасында таңдау болатынын еске салды. Екі нұсқаны да мемлекеттік комиссия қарап, жақын күндері түпкілікті шешімді жариялайды.
Министрдің бұл ұсынысы қазір Үкімет жанындағы Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі ведомствааралық комиссияның қарауына жолданған. Осыған байланысты комиссия елімізді қатаң карантин режиміне көшіру немесе қосымша шектеу шараларын қабылдау бойынша шешімді жақын арада қабылдайды, яғни бүгін.