Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы жаңа Abai tv мәдени-ағарту телеарнасының ресми таныстырылымын өткізді.

Ашық көздерден алынған сурет.

Ақпарат кеңістігіне «Ақыл ойдың айнасы» деген ұранмен жол тартқан Abai tv телеарнасы ұлттық және әлемдік өнер мен мәдениеттің інжу-маржанын, түрлі ұлттардың әдеби және тарихи мұра жауһарларын, спектакль, балет сияқты бекзада өнер түрлерін қалың бұқараға ұсынады.

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаевтың айтуынша, мәдениет өзінің өркениеттік рөлінен басқа әрқашан маңызды миссияны атқарып келді. Ол тарихтың ең ауыр сәттерінде халыққа күш пен үміт берді. Онымен тілдесу – бұл ұлттың рухани өмірін байытудың тәсілі ғана емес, сонымен бірге, азаматтарға материалдық көмек көрсетумен қатар, оларға моральдық тұрғыдан қиын жағдайда көмектесуге тырысатын мемлекеттің маңызды әлеуметтік миссиясы.

«Бүгін тұсауы кесілетін жаңа телеарна мәдени-ағартушылық салаға үлес қосуды, ұлт қазынасын толтыруды көздейді. Жаңа арнаның «Абай» деп аталуы тегін емес. Біріншіден, мәдени-ағарту бағытындағы жалғыз телеарнаға ұлт руханиятының темірқазығы Абайдың атын беру – өте орынды. Өйткені ұлы ақынның өнегелі жолы әлі талай ғасырға жалғасатын болады. Екіншіден, жаңа телеарна төл мәдениетіміз бен дәстүрімізді насихаттауды мақсат етіп отыр. Бұл туралы ұлы ойшылдың «пайда ойлама, ар ойла», «талап қыл артық білуге», «әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан» деген өсиеттерін есте ұстауымыз керек. Сондай-ақ ол өнер мен кәсіп үйренуді байлықтың кілтіне, ұлттың қуатына балаған. Ұлы ақын тағы бір сөзінде «адам баласын заман өсіреді» дейді.

Біздің жаңа телеарнамыздың жұмысы да осы қазіргі дәуірдің талабына бейімделеді. Зиялы қауымның басты борышы – қоғамға, әсіресе жастардың бойына тәрбиені, ізгілікті, отансүйгіштікті дарыту. Жаңа телеарна осы жолда сіздерге ұтымды құрал, ашық пікір алаңы болады деп ойлаймын. Осы тұрғыда «Абай» телеарнасының ашылуы ұлы кемеңгердің мерейтойы аясындағы шоқтығы биік шара деуге болады», – деді Дәурен Абаев.

«Abai tv арнасының ашылуы қазақ қоғамы үшін үлкен мереке. Өркениетіміз мен мәдениетіміз үшін маңызды арналардың бірі болады деп сенемін. Мәдениет саласындағы азаматтарды телеарнаға өнімдері мен өнерлерін ұсынуға шақырамын» – деп атап өтті Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Жаңа телеарна Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылды және қазақстандықтарды ұлы Абай мұрасы, Қазақстанның және бүкіл әлемнің мәдениеті мен өнерінің жетістіктерімен таныстыруға арналады. Осы бағыттағы «Абай жолын бірге оқиық», «Сарасөз» бағдарламалары жарыққа шықты. Одан бөлек, бағдарламалар кестесіне қазақ қаламгерлерінің драмалық шығармаларын талдауға арналған «Үркер», жастардың «Жыр майданы», қазақ музыкасы мәдениеті мен тарихы жайындағы «Музыка Великой степи», спектакльдер мен балет қойылымдарына арналған «Премьеры» бағдарламасы көрерменге жол тартты.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сұлтан Оразалы жаңа арнаға «Осы бір кездің өзінде қиыншылыққа қарамастан, жаңа телеарнаның ашылуы, соған барлық мүмкіндікті жасау – игі істердің бірі. Абайдың аты – өте ардақты. Осы арнада қызмет ететін қыз-жігіттердің мойнына өте ауыр жүк артылады. Абай атын иеленгеннен кейін Абайдың әділдігін, ойшылдығын, сөзге деген ерекше ықыласын, ғажайып жырлары мен әндеріндегі нәзіктік пен сұлулықты сақтап, сол биіктен көрініңіздер», – деген ізгі тілегін білдірді.

Телеарна қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 17 сағат (07:00-ден 00:00-ге дейін) хабар тарататын болады. Арна Otau TV ұлттық спутниктік операторы, Alma TV, ID TV кабельдік желілері арқылы таралады. www.abaitv.kz ресми сайты арқылы онлайн көру мүмкіндігі бар.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-05-22
Утром15.63 ℃
Днем25.99 ℃
Вечером17.15 ℃
Ночью14.92 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра7.57 м/с
2024-05-23
Утром13.13 ℃
Днем16.85 ℃
Вечером16.68 ℃
Ночью10.95 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра7.74 м/с