1 шілдеден басталатын кейбір өзгерістер

Шілде айынан бастап кейбір көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы өседі, бұдан бөлек, елде электр энергиясы қымбаттайды, спортсүйер қауым үшін де жақсы жаңалық бар

Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы

Қазақстанда шілдеден бастап сегіз және одан көп баласы бар отбасылардың жәрдемақысы ұлғаяды.

Бұған дейін олар жеті бала үшін ғана жәрдемақы алып келген еді.

13 мамырда президент қолданыстағы жәрдемақыны кеңейтуді көздейтін заңға қол қойды. Оған сәйкес, сегіз және одан көп баласы бар отбасыларға әр бала үшін 4 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді. Аталған норма 2020 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді.

Сондай-ақ, сегіз және одан көп баласы бар отбасыларға қаңтар мен маусым айлары аралығындағы айырмашылық та төленеді.

8 және одан көп баласы бар отбасыларға арналған жәрдемақы

8 бала үшін – 88 896 теңге;

9 балаға – 100 008 теңге;

10 балаға – 111 120 теңге;

11 балаға – 122 232 теңге;

12 балаға – 133 344 теңге;

13 балаға – 144 456 теңге;

14 балаға – 155 568 теңге;

15 балаға – 166 680 теңге;

16 балаға – 177 792 теңге.

Электр энергиясы қымбаттайды

Қазақстанда электр энергиясының шекті тарифі өсті.

44 энергия өндіруші ұйымның 34-інде тариф ұлғайған, 9 ұйымда бұрынғы деңгейде сақталды, ал біреуінде төмендетілді. Электр энергиясына шекті тарифтерді қайта қарау 27 мыңға жуық жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Енді қазақстандықтар электр энергиясына орта есеппен айына 200 теңге артық төлейді.

Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну аяқталады

Биыл 12 тамызда парламент сенатының сайлауы өтеді. Тиісті жарлыққа ел президенті 12 маусымда қол қойған болатын.

13 маусымнан бері сенат депутаттығына кандидаттар ұсынылып жатыр. Ол 30 күнге созылып, 12 шілдеде аяқталады.

Үміткерлерді тіркеу тиісті құжаттар ұсынылғанына қарай басталып, 23 шілдеде тоқтайды.

Сайлау алдындағы үгітке 18 күн қарастырылған. 11 тамыз – тыныштық күні, ал 12 тамыз – дауыс беру күні.

Сайлау қорытындысы 18 тамызға дейін анықталады.

Футболдан Қазақстан чемпионаты

1 шілдеде коронавирус пандемиясына байланысты үш айға созылған үзілістен кейін футболдан Қазақстан чемпионаты басталады.

Шілденің бірінші күні үшінші турдың бірден бес матчы жоспарланған. Оның екеуін Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты футбол матчтарына көрермендер мен БАҚ өкілдері қатыса алмайды.

Заңсыз қаруды онлайн тапсыру

1 шілдеде қазақстандықтардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталады.

Қару-жарақты өз еркімен тапсырғаны үшін қарудың әр бірлігіне, оның техникалық жай-күйіне байланысты, комиссия шешімімен 10-нан 100 АЕК-ке дейін (27 780 теңгеден 277 800 теңгеге дейін) сыйақы төленеді.

Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыштарды ерікті түрде тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылмайды.

Елде эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты заңсыз қаруды тапсыру үшін полицияға барудың қажеті жоқ. Тек полиция департаменттерінің сайтында көрсетілген «қауырт желі» телефонына немесе «102» номеріне хабарласса жеткілікті. Қаруды ішкі істер органдарының қызметкерлері өтініш берушінің мекенжайына барып қабылдап алады.

Темекі бағасы өсті

1 шілдеден бастап сүзгісі бар және сүзгісіз темекі мен шылымның ең төменгі бағасы 440 теңгені құрайды. Ал 2021 жылдың қаңтарынан 460 теңгеге дейін көтеріледі.

Бұған дейін темекінің ең төменгі бағасы 420 теңге болған еді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-09
Утром-23.21 ℃
Днем-20.63 ℃
Вечером-19.01 ℃
Ночью-23.67 ℃
Влажность82 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра7.43 м/с
2026-03-10
Утром-28.24 ℃
Днем-16.08 ℃
Вечером-11.19 ℃
Ночью-8.15 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.45 м/с