Қазақстан Үкіметі 5 шілдеден бастап карантин енгізуді ұсынды
ҚР Үкіметі 5 шілдеден бастап 14 күн мерзімге карантин енгізу жоспарын ұсынды, деп хабарлайды АА. NewTimes.kz».

Бұл туралы ҚР Президенті Twitter-де хабарлады.
«Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күн мерзімге карантин енгізу жоспарын ұсынды (ұзартылуы мүмкін). Ертең ведомствоаралық комиссия (ВАК) отырысынан кейін денсаулық сақтау министрі түсініктеме береді», — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін президент коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңес барысында Мемлекет басшысы екі күндік мерзімде Қазақстанда қатаң карантин енгізу мәселесін пысықтап, ұсыныс енгізуді тапсырған болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық жұмыс коронавируспен күресте маңызды рөл атқаратынын айтты.
Сонымен қатар, ол дәрігерлерге қазақстандықтарға ТВ бойынша кеңес беруді ұсынды, сондай-ақ ұзақ мерзімді пандемияға дайындалуға шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бес күн ішінде дәрі-дәрмектермен байланысты мәселені шешуді тапсырды.
Мұның алдында, ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, егер елде ешқандай шектеулер енгізбесе, тамыз айының соңына дейін тәулігіне 27 мыңға жуық жұқтырулар тіркелетінін хабарлаған еді.
