БҚО-да қосымша провизорлық және инфекциялық стационарлар ашылады

Орал қаласында жергілікті кәсіпкерлердің қолдауы  арқылы тағы 140 инфекциялық стационар ашылады. Облыстық аурухананың 2 корпусында карантиндік стационардың орнына 130 төсектік провизорлық стационар ашылады. Бұрынғы №2 перзентхана базасында стационар ашу мәселесі қарастырылуда. ҚПО қаражаты есебінен тағы бір инфекциялық стационарды ашу туралы, сондай-ақ аудандық стационарлардағы орындарды ұлғайту туралы келіссөздер жүргізілуде.

Жедел жәрдем станциясына 63 автокөлік жұмылдырылды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында тағы 35 реанимобиль мен екі жедел жәрдем көлігіне лизинг шарты жасалды. Сурет: Артем Букреевтікі.

Дәрігерлердің жетіспеушілігі мен оттегі концентраторы мәселесін БҚО әкімі Ғали Есқалиев медицина ардагерлерімен, БҚО ДСБ және облыстың медициналық мекемелерінің басшыларымен кездесіп ақылдасты. Әкім оларды жалпы қауіп-қатермен күресуге шақырды.

«Қазір бізге кез келген көмек маңызды. Адамдар, ғимараттар, демеушілік көмек қажет. Ортақ мәселе және оны бірге шешу керек», — деді Ғали Есқалиев.

Дәрігерлердің жүктемесін азайту үшін жоғары медициналық колледжде фельдшерлер мен мейірбикелерді, оның ішінде медициналық колледждердің жаңа түлектері арасынан жедел дайындауды бастауға уәде береді. Облысымызға Қазақстанның басқа қалаларынан медициналық ЖОО-да білім алып жатқан түлектердің (БҚО тумалары) келуі күтілуде.

Сондай-ақ, билік тәжірибелі медицина қызметкерлерінің онлайн кеңесін ашып, облыстың бас медбикесінің позициясын енгізуге уәде берді. Емханаларға пациенттерді үйде жоспарлы емдеу және оларға шығу үшін 12 автокөлік бөлінеді. 10 күн ішінде Орал кәсіпорындарының бірінде Бобровтың модификацияланған тыныс алу аппаратын жинауды жолға қою жоспарлануда.

2 шілдедегі жағдай бойынша коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1547 симптомдық және 1338 симптомсыз жағдайлары тіркелген, 66 пациент ауыр жағдайда. Ауырғандардың ішінде 21 бала орташа ауырлықтағы күйде. ӨЖЖ аппаратына 13 адам қосылған. Облыста КВИ-дан 10 өлім жағдайы ресми түрде тіркелген.

Нана Иксанова

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-13
Утром-4.39 ℃
Днем-1.36 ℃
Вечером-2.72 ℃
Ночью-4.09 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра8.3 м/с
2026-01-14
Утром-7.63 ℃
Днем-7.47 ℃
Вечером-8.04 ℃
Ночью-8.74 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра8.38 м/с