Министрлік парацетамол орнына қолдануға болатын дәрілер тізімін жариялады

Парацетамол коронавирус пандемиясы кезінде ең көп сұранысқа ие дәрінің біріне айналды, соның нәтижесінде оны дәріхана сөрелерінен табу мүмкін болмай қалды.

«ОА» мұрағатынан.

Денсаулық сақтауминистрлігі жанындағы Ұлттық сараптама орталығы дене қызуын түсіретін және құрамында парацетамол бар дәрілердің тізімін жариялады.

Тізімге таблетка, ұнтақ және дене қызуы кезінде еритін қатты препарат түрінде шығарылатын 60 шақты дәрі енгізілді.

Дәрілер тізімі

Колдрекс актив, фасторик, ценипар экстра, тераФлю макстаб, цефекон, парамолан, балалар панадолы, панадол экстра, антифлу, антифлу Кидс, колдрекс юниор хот дринк, ИН-ГРИПП, день и ночь, гриппостад С Стик, агриппин, тайлол 6 Плюс, эффералган, флюкол-С, пардифен, КОМБИГРИП, максиГриппин, цитрамон П, фервекс, ректол-125, ректол-250, аскофен, нолгрипп, суықтимицин, КМ-парацетофит, парацетамол Роутек, ОРВИколд, боксГрипал, гриппоФлю, танфлекс, ГРИПГО, вива Фам парацетамолы, терафлю, колдфри, Б. Юраун парацетамолы, ринза, гриппостад, ТАЙЛОЛФЕН ХОТ, стопгрипан-Лимон, цитрик Солпадеин Актив.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі парацетамол мен коронавирусты емдеуге арналған өзге де дәрілердің сату бөлімдеріне жеткізіліп жатқанын мәлімдеді. Атап айтқанда, Қазақстанға парацетамолдың 2 миллион қаптамасы әкелінетіні хабарланды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой парацетамолдың тапшылығына қатысты пікір білдірді. Ол, 1 шілде күні астанадағы дәріханаларға 70 мың қаптама таратылғанын айтты. Соның бәрін жарты сағаттың ішінде сатып алды. Министр қазіргі кезде препараттарды интернет желісінде сатып, үстінен пайда табатындар бар екенін атап өтті. Енді, осы мәселемен құзіретті органдар айналысатын болады.

Ұқсас тақырыпта:

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-14
Утром-6.35 ℃
Днем-8.3 ℃
Вечером-10.01 ℃
Ночью-9.19 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 995
Скорость ветра12.27 м/с
2025-12-15
Утром-9.05 ℃
Днем-8.12 ℃
Вечером-9.07 ℃
Ночью-10.24 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра8.94 м/с