1 шілдеден бастап Қазақстанда электр энергиясы қымбаттайды

9 энергия өндіруші ұйым бойынша 44 тарифтің бұрынғы деңгейі сақталды.

Электр энергиясының қымбаттағаны туралы Орталық коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев мәлімдеді, деп хабарлайды»ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Электр энергиясына тарифтер заңға сәйкес 7 жылға белгіленіп отыр, деп еске салды Дарибаев. Ал энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өндіруге арналған шығындары нақты ұлғайған жағдайда энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органға шекті тарифтерді түзетуге өтінім беруге құқылы. 2020 жылдың басынан бастап ЭБҰ-ға тәуелсіз отын сатып алу бойынша шығындар ұлғаятындықтан, Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдары осы жылдың сәуір айында топтар бойынша шекті тарифтерді түзетуге өтінім берді.

«44 энергия өндіруші ұйымның 35-тен өтінім берілді. Оларды қарау кезінде министрлік әр жағдай бойынша жеке тәсілді қолданды. Дер кезінде шешім қабылдауды талап ететін өтінімдер назарға алынды. Бұйрықтың жобасы 2020 жылғы 10 маусымда ашылған НҚА сайтында жарияланды. Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және энергетика министрлігінде тіркелген сараптамалық ұйымдармен талқылаулар өтті. Бұйрық жобасы қоғамдық кеңесте қаралды, сондай-ақ ашық НҚА порталының электрондық алаңында талқыланды», – деді А. Дарибаев.

Оның айтуынша, электр энергетикасы саласын қолдау үшін Министрлік ағымдағы жылдың 29 маусымында «электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 514 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»бұйрығымен тарифтерге түзетулер енгізді. Бұл бұйрық 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс. Бұл ретте Қазақстан бойынша энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерінің ұлғаюы орташа алғанда 16% деңгейінде болжануда.

Бұдан әрі а.Дәрібаев Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің батыс аймағынан басқа Қазақстанның барлық аймақтары бойынша электр энергиясын іске асыратын Екібастұз МАЭС-1 шекті тарифі шамалы, 0,7% – ға артатынын хабарлады. Басқа станциялар тарифтерінің 12-ден 24% – ға дейінгі диапазонында ұлғаюы аясында Екібастұз ГРЭС-1 шекті тарифін сақтау соңғы тарифтерге ең аз әсер етеді.

44 энергия өндіруші ұйымның 9 энергия өндіруші ұйымы бойынша тариф бұрынғы деңгейде сақталған. Бір энергия өндіруші ұйым бойынша тариф 7% – ға төмендетілді. 18 энергия өндіруші ұйым бойынша 34 ЭӨҰ-ның тарифі 20 % – ға дейін өсті, қалған 16 станция бойынша 20% – дан артық өсті.

А.Дәрібаев электр станцияларының шекті тарифтерін уақтылы түзету оларды жаңғырту, алдағы күзгі-қысқы кезеңдерден табысты өту және ағымдағы жылдан бастап апатты жағдайларды азайту үшін жөндеу науқандары бойынша жұмысты бастауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, департамент директоры ЭӨҰ шекті тарифтерінің өзгеруі кезінде статистикалық орта пәтерлер бойынша соңғы тұтынушылар үшін электр энергиясын төлеуге арналған орташа шот ағымдағы шоттарға айына 200 теңгеден аспайтын шамаға төртінші тоқсаннан ерте емес ұлғайатынын түсіндірді.

Халық үшін шекті тарифтерді көтеру туралы шешім Ұлттық экономика министрлігінің құзыретіне жатады. Бұдан басқа, электр энергиясына шекті тарифтерді қайта қарау 44 энергия өндіруші ұйымның өндірістік персоналының 27 мыңнан астам жұмыс орнын сақтауға мүмкіндік береді, оларға тоқтаусыз жұмыс істеу және елді электр энергиясымен қамтамасыз ету тәуелді.

x
2020-08-04
Утром24 ℃
Днем24 ℃
Вечером21.18 ℃
Ночью19.3 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра8.89 м/с
2020-08-05
Утром19.32 ℃
Днем29.35 ℃
Вечером28.51 ℃
Ночью22.39 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.43 м/с