БҚО әкімі Орал дәріханаларынан ыстық түсіретін дәрілер мен антибиотиктердің бар-жоғын тексерді

Қала дәріханаларда дәрілік препараттарды шектеулі мөлшерде бір қолға бес данадан береді. БҚО Әкімі Ғали Есқалиев Facebook парақшасында Орал дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексергенін жазды.

– БҚО-да, еліміздің барлық өңірлеріндегідей, дәрі-дәрмектерге деген сұраныстың артуы байқалады, атап айтқанда вирусқа қарсы, ыстыққа түсіретін, антибиотиктер сұранысқа ие. «Ланцет» және «Талап» бөлшек сауда дәріханаларының ірі желісі филиалдарының басшылары қазіргі уақытта қажетті негізгі дәрілік заттар, маскалар, антисептиктер бар екенін хабарлады. Медициналық препараттарды үздіксіз жеткізу бойынша жеткізушілермен жұмыс жүргізілуде, – деп түсіндірді облыс басшысы.

– Бұл ретте дәріханаларда дәрі-дәрмектің белгіленген шекті бағасы сақталады, сондай-ақ шектеулі мөлшерде-бір қолға бір атаудағыдан 5 данадан артық емес беріледі.

Айта кету керек, «109» call-орталығына тұрғындар дәрі-дәрмек бағасын жасанды түрде көтеретін дәріханалар туралы ақпарат келіп түседі.

– Біз жағдайды пайдаланып, дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқысы келетін дәріханалардың иелерін жазалайтын боламыз. Түсінемін, дәрі-дәрмекті шектеп беру, ең дұрыс шешім емес. Бұл кейбір тұрғындардың көптеп сатып алуына және кейбірінің тіпті қайта сатуына байланысты жасалған, – деп атап өтті Ғали Есқалиев.

Айта кетейік, дәріханаларға стандартты шағын дәрі қобдишаларын жасау ұсынылды, олар облыстың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық кәсіпорындарда болуы тиіс.

ЖРВИ ауруының алғашқы сатысында қызметкерлерге шағын дәрі қобдишасы берілуі тиіс. Осылайша, «алтын сағат» ережесі сақталып, біздің дәрігерлерімізге жүктемелер аз болады, – деп түсіндірді Ғали Исқалиев.

x
2020-08-04
Утром24 ℃
Днем24 ℃
Вечером21.18 ℃
Ночью19.3 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра8.89 м/с
2020-08-05
Утром19.32 ℃
Днем29.35 ℃
Вечером28.51 ℃
Ночью22.39 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.43 м/с