Коронавирус ауруының азаюы сіздерге де байланысты

БҚО әкімі бизнесмендерді ауырып қалған қызметкерлерді үйлеріне жіберуге шақырады.Сонымен қатар, аймақ басшысы бизнесмендерден қызметкерлерге шағын дәрі қобдишасын беруді сұрайды.

«ОА» мұрағатынан.

БҚО әкімі Ғали Есқалиев өзінің Facebook-тегі парақшасында Батыс Қазақстан облысының кәсіпорындары мен шағын бизнес субъектілерінің басшыларына үндеу жариялады:

1. Өңірдің тәжірибелі кәсіпорын басшылары өз қызметкерлерін вирустан қорғау үшін күнделікті профилактикалық жұмыс жүргізетін, қызметкерлердің денсаулығын тексеретін жауапты маманды бекітті. Сонымен қатар, олар қызметкерлерге санитарлық нормаларды сақтау туралы арнайы жаднамалар таратуда.

Менің ойымша, барлық компания басшылары осы тәсілді қолдануы керек.

2. Егер сіздің компанияңыздың қызметкерінде вирустық инфекцияның алғашқы белгілері байқалса, дереу оған алғашқы медициналық көмек жинағын (тізім төменде көрсетілген) беріп, оны үйге жіберу керек. Ол емдеуді неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым тезірек сауығып, мекеме ішінде ауруды таратпайды.

Алғашқы медициналық көмек жиынтығының бағасы шамамен 2 000 теңгені құрайды.

Жедел медициналық көмек жиынтығын компания қызметкерлерінің 10% алғаны жөн.

Жедел медициналық көмек жиынтықтарына тапсырыс беру үшін 8 777 478 32 47 WhatsApp нөміріне жазыңыз, деп көрсетті ол.

Сізге қай дәріханадан жедел медициналық көмек жиынтықтарын сатып алуға болатындығы туралы ақпарат беріледі.

Бұл сіздің туыстарыңыз бен достарыңыздың өмірі үшін күресіп жатқан дәрігерлерге тигізген көмегіңіз болады, деп атап өтті Ғали Есқалиев.

Шағын дәрі қобдишасының құрамы. Facebook-тегі Ғали Есқалиевтің парақшасынан алынған фото.
x
2020-08-04
Утром24 ℃
Днем24 ℃
Вечером21.18 ℃
Ночью19.3 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра8.89 м/с
2020-08-05
Утром19.32 ℃
Днем29.35 ℃
Вечером28.51 ℃
Ночью22.39 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.43 м/с