Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 232-ге жетті
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирус бойынша соңғы статистикалық мәліметтерді айтты.

«Бүгінде бізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 47 171 жағдайы тіркелген. Тәулігіне 1 452 (жаңа ауру). Өсім 3,2 пайызға жетті. Барлығы 232 науқас қайтыс болды. Тәулігіне 18 адам шамасында», — деді Цой Нұр-Сұлтандағы брифингте.
Ол қайтыс болғандардың жалпы статистикасы дүйсенбі күні берілетінін айтты. Бұған дейін өлім статистикасы аптасына бір рет жарияланатыны айтылды.
