Оралда дүрліккен халық дәріханалар алдында ұзын сонар кезек қалыптастырды
Оралдықтар дәрі-дәрмек сатып алу үшін сағаттап күтуге мәжбүр. Адамдар дәрі-дәрмектердің үлкен қорын, әсіресе суық тиюден, ыстықты түсіретін және антибиотиктерден сатып алуда. Қалада коронавирус эпидемиясы осыған байланысты дәріханада дәрі болмауы мүмкін деген сыбыстан, адамдар дәріханаларға ағылды.

«Орал апталығы» газетінің құрылтайшысы және «Жұлдыз» қорының директоры БҚО бойынша мониторинг тобының мүшесі Тамара Еслямова вокзалдан «Оқушы» ауданына дейін дәріханаларды аралап жүріп өткенін айтады. Сондағы байқағаным әр жерде дәрі-дәрмектің бағасы әр түрлі дейді ол.
Оксолин мазьі вокзалда 420,320 теңге. Ал, бетперде мен қолғап жоқ. Адамдардың кезегі ұзын сонар. Көптеген дәріханаларда чектер берілмейді. Бұл сатылым бойынша табысты жасыру болып табылады. «Оқушы» ауданында қолғап 90 теңге, Оксолин майы 240 теңге, бетперде 190,240 теңге болып тұр. Еш жерде антибиотиктер жоқ. Халық ара қашықтықты сақтамайды.
Кіре берісте қолға арналған ерітінді де жоқ. Кезекте тұрған адамдармен сөйлескенімде дәрі-дәрмектер бағасы өте жоғары реттеу керектігін айтады. Мұндай қиын кезеңде және дәрігерлер адамдардың өмірі үшін күресіп жатқанда бағаны көтеріп, өз капиталын ұлғайтуға болмайды, дейді Тамара Әліпқалиқызы.
Айта кету керек, жақында БҚО әкімі Ғали Есқалиев дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеру үшін қаладағы дәріханаларды аралаған еді. Ол қазіргі уақытта қажетті негізгі дәрі-дәрмектер, маскалар, антисептиктер бар екенін, сондай-ақ жеткізушілермен медициналық препараттарды үздіксіз жеткізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
– Бұл ретте дәріханаларда дәрі — дәрмектің белгіленген шекті бағасы сақталады, сондай-ақ бір қолға бір атаудағы 5 қаптамадан артық берілмеуі керек, — деді Ғали Искалиев.
Сондай-ақ, аймақ басшысы дәрі-дәрмектің бағасын жасанды түрде көтеретін дәріханалар иелері жазаланатынын атап өтті. Оралдықтар дәрі-дәрмек бағасының қымбаттағаны туралы 109-ға хабарлауы керек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та ел тұрғындарының дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбатауына байланысты шағымдары орынды екенін, кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлімеді.
Президенттің Twitter парақшасында жазуынша, үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылған.
«Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбатауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды. Кінәлілер жауапқа тартылады», — дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тақырып бойынша оқыңыз:
