The Telegraph: Қазақстанда қалыптасқан жағдай басқа елдерге сабақ болуы керек

The Telegraph жазуынша, осы жексенбі күні Қазақстан қайтадан қатаң карантинге оралған әлемдегі алғашқы ел болды.

«ОА» мұрағатынан.

Мамыр айында шаралардың әлсіреуі жаңа аурулардың пайда болуына әкелді. Мамыр айының ортасына қарай ауырғандардың саны біршама аз болды және ел билігіне карантинді біраз уақытқа әлсіретуге мүмкіндік берді, делінген мақалада.

Британдық басылымның жазуынша, той, туған күн, қонақтармен тамаша мерекелер — карантиннің әлсіреуімен ел азаматтары айырылғандарына қуана қайта оралды. Полиция қызметкерлері тыйымға құлақ аспай жасаған жаппай жиылыстарды үнемі анықтап отырды. Нәтижесінде ауру саны 47 мыңнан асып кетті.

Ауруханалар шұғыл режимде жұмыс істейді, дәрігерлер осындай жиналыстар туралы айтып, өз эмоцияларын әзер тежейді. Олар пациенттердің мұндай жауапсыздығының құны қандай екенін жақсы біледі. Мақалада көптеген қазақстандықтар қандай да бір қауіп бар дегенге тіпті сенбейді делінген.

Қазақстанда қалыптасқан жағдай-көптеген елдер үшін сабақ болуы керек, деп жазады Telegraph.

Қатаң карантин басталар алдында қоғамда өсе бастаған дүрбелең, осы аптада дәріханалардың алдында үлкен кезекке алып келді. 70 мың парацетамол орамасы Алматыға жеткізілді және барлығы жарты сағаттың ішінде сатылып кетті.

Алматы қаласының бір тұрғыны оның жұбайы мен балалары мамыр айында коронавирусты жұқтырғанын айтты. Ол газетке Қазақстанның қазіргі инфекция індеті наурыз айында Италияда болған жағдайға ұқсас дейді.

Айта кетерлік жайт, бүгінде бізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 47 171 жағдайы тіркеліп, 232 науқас қайтыс болды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-06
Утром-1.2 ℃
Днем0.06 ℃
Вечером0.2 ℃
Ночью0.23 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.34 м/с
2026-03-07
Утром-2.54 ℃
Днем-5.51 ℃
Вечером-8.94 ℃
Ночью-12.43 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.95 м/с