Димаш Құдайберген елордадағы отшашу туралы: «Ненің құрметіне?!»

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Астана күніне арналған отшашуды сынға алды. Өнер иесі өзінің ойын әлеуметтік желіге жазды.

instagram парақшасынан.
instagramis бетінен.

«Отшашу ненің құрметіне ұйымдастырылды? Біздің коронавирус жұқтыру бойынша бірінші орынға шыққанымыз үшін бе? Астанада отшашу ұйымдастырып жатқанда, адамдар оттегі баллондарын таба алмауда! Осылай жалғастыра беріңіздер, келесі жылы тойлайтын адам да қалмайды…», – дейді Димаш Instagram парақшасындағы жазбасында.

Көпшілік әншінің бұл жазбасын қолдап, өз пікірлерін жарыса жазып жатыр. «Дұрыс айтасың, үнемі халық жапа шегеді», «Күн сайын өлім, жаназа. Халқыма сабыр берсін», «Жылап отырмын, жұрт кедейленіп барады», «Халықты тыңдайтын адам жоқ, жүрегім ауырып жатыр», «Ақшаны желге шашты. Адамдар өлім мен өмір арасында тұр, бұл- нағыз мазақ», «Халықтың саны азайып жатыр» десті олар.

Осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасы елордада 6 шілде күні ұйымдастырылған отшашуға қатысты пікір білдірген еді.

«Астана күніне отшашу жыл басында жоспарланған болатын, демеушілер материалдар сатып алып, орындарды анықтады. Бұл фейерверк қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеруге, коронавируспен күресте алдыңғы қатарда тұрған медицина қызметкерлерін қолдауға арналған», – деді басқармада.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-26
Утром1.32 ℃
Днем8.55 ℃
Вечером6.96 ℃
Ночью-0.01 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра6.72 м/с
2025-03-27
Утром1.25 ℃
Днем9.27 ℃
Вечером10.03 ℃
Ночью5.57 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра5.02 м/с