Дәрігер коронавирус кезінде нені жеуге болмайтынын айтты

Майлы тағам мен таза май холестеринді арттырып, қанды қоюлатады. Бұл, әсіресе, коронавирус инфекциясы кезінде қауіпті болуы мүмкін.

Көрнекі фото: nrb2.ru

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар ем алу кезінде қойдың құйрық майы мен иттің майын қолдануды ұсынып жатыр. Мұндай тәсілдің қаншалықты тиімсіз әрі қауіпті екенін Ресейдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев түсіндірді.

«Майды ас ретінде қолдануға болады. Бірақ ол еш нәрсені емдемейді. Ал коронавирус кезінде тіпті зиян келтіруі мүмкін. Себебі ол холестеринді көтеріп, қанның басқа компоненттерін арттырады. Майлы тағамдар қанның қоюлануына әсер етеді», – деді Гриднев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол коронавирус инфекциясы бар науқастарға қанды сұйылтуға арналған дәрілер (антикоагулянттар) тағайындалатынын еске салды.

Бұған дейін Ресейдегі Киров атындағы әскери-медициналық академияның мамандары коронавирус кезінде асқазан-ішек жолдары ауруы кезіндегідей диета ұстауды ұсынды.

Коронавирус жұқтырған науқастарға сүт, бидай өнімдерін, ащы тағамдар мен тәттілер, майлы, тұздалған, сүрленген тағам, ұн өнімдері мен консервілерді пайдалануды азайту керек.

Науқастарға ботқа, сүзбе, көкөніс, майы аз тауық еті, балық секілді жеңіл тағамдар жеу керек.

Айта кетейік, қазақстандықтар бұған дейін вирустан сауығу үшін зімбір мен соданы қолдануды ұсынған болатын.

Сонымен қатар,ҚазАқпарат: Науқастарға зиянын тигізетін алты «кеңесті» атады. Соңғы аптада интернетте әлемді әуреге салған қауіпті вирусты өз бетінше жеңу туралы кеңестер көп жарияланды. Сода ингаляциясымен, сарымсақ суымен немесе антибиотиктермен құтылуды ұсынғандар бар. Бірақ мұндай әдістердің зияны туралы ешкім ескертпейді. Осы орайда ҚазАқпарат дәрігерлер тыйым салған ең зиянды «кеңестерді» тізіп көрді.

Ингаляциялық бу терапиясы

Егер шырышты қабатты күйдіргіңіз келмесе және қазіргі жағдайыңызды нашарлатқыңыз келмесе, содамен «ыстық ванна» жасап, дем алуға тырыспаңыз. Оның үстіне, қазіргі уақытта COVID-19 пен пневмонияны емдеудегі бу терапиясының тиімділігі туралы бірде-бір ғылыми дәлелденген дерек жоқ. Ал содаға аллергия болса, шырышты қабаттың күюі немесе Квинкенің ісінуі қаупі өте жоғары. Сонымен бірге, жылу ингаляцияларына бірқатар қарсы көрсетілімдер бар, мысалы, гипертермия – жоғары дене температурасы, гипертония – жоғары қан қысымы, жүрек-тамыр аурулары немесе бүйрек қызметі бұзылғанда бұл әдіс қауіпті.

Сарымсақтың суын ішу немесе ашқарынға сарымсақ жеу

Егер сізде асқазан-ішек жолдарының ауруы болса, онда сарымсақтың қайнатылған суын да, тұтас сарымсақ түйірін де жеуге болмайды. Әйтпесе ішек жұмысының бұзылуына, асқазан қыжылына және бауырдың шаншуына дайын болыңыз. Тіпті еш ауруыңыз болмаса да және сарымсақты күнделікті қабылдауға болады деп ойласаңыз да, гипертония, жүрек аурулары және бас сақинасы мазалауы мүмкін. Бірақ бұл әдіс COVID-19 вирусынан еш құтқармайды. Бұл табиғи антисептиктің барлық антимикробтық қасиеттеріне қарамастан, оның коронавируспен күрестегі тиімділігі дәлелденбеген.

Арақпен және спирт буымен дезинфекция жасау

Асылында, алкогольді шамадан тыс тұтыну иммундық жүйені әлсіретеді, бұл вирустың тезірек жұқтыру қаупін көбейтеді. Ал жүрек-тамыр аурулары мен бауыр мәселелері болса, алкоголь асқыну қаупін арттырады және емдеуді қиындатады. Мұндай науқастың өмір сүру мүмкіндігі нөлге тең болады. Спирт буымен ингаляция, яғни вирустың липидті мембранасын жоюға мүмкіндік беретін концентрация өкпенің төменгі бөліктеріне жіберілген вирусты өлтіруге жеткіліксіз болады. Сонымен қатар, медициналық спирт шынымен өкпе ісінуіндегі көбікті басу үшін қолданылады, бірақ мұнда дәрігер қауіпсіз дозаны дәл есептеуі тиіс.

Өкпеде ауа айдау үшін шар үрлеу

Иә, тиімді «өкпе жаттығуы» ретінде ұсынылған бұл әдіс коронавирус инфекциясы кезінде альвеолаларға (жақ сүйегінің қуысы) әсер етіп, ұлпааралық қабынуға ықпал етіп, біраз асқыну тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда өкпе тініне жаппай зақым келіп, оны әлсіз етеді. Доп үрлеу сияқты кез келген оқыс жүктеме өкпе тінін жыртып жібереді, соның салдарынан тыртық әрі қарай ұзара береді.

Оның үстіне кеуде қуысының жылдам және күшті қозғалысымен өкпені қайта жүктеу өкпе баротравмасына әкеп соғуы мүмкін. Оның белгілері қақырықтағы қан, өкпе тінінің жыртылуы, альвеолалардың қосымша зақымдалуы және ентігу, эмфизема мен өкпе фиброзының күшеюі арқылы көрінуі мүмкін. Бұл да өкпе жұмысына кері әсер етеді.

Хижама COVID-19 жоя ала ма?

Жоя алмайды. Жақында, бұл қан шығару процедурасын әлдекімдер коронавирусқа қарсы күшті емдеу әдісі ретінде ұсына бастады. Алайда, бұл ғылыми негізделмеген, сонымен бірге қауіпті. Біріншіден, хижама медициналық процедура емес, бірақ оның төменгі артериялық қан қысымы, созылмалы жүрек патологиясы, қан жасушаларының төмен концентрациясы, кез-келген тамыр патологиясы және тіпті психикалық ауытқулар сынды бірқатар қарсы көрсетілімдері бар. Хижамада 65 жастан асқандар мен балалар үлкен қан жоғалтуы мүмкін.

Қауіпсіз антибиотик болмайды

Бүгінде коронавирус анықталған науқасқа айтылатын әрбір екінші кеңес – шұғыл түрде антибиотик қабылдау болып отыр. Алайда дәрігерлер екі себепке байланысты антибиотик алмауға кеңес береді. Біріншіден, аурудың симптомсыз және жеңіл түріндегі 80% жағдайда ағза вирусты өздігімен жеңе алады. Қазақстанның клиникалық хаттамасының 10-шы шығарылымында дене қызуын түсіру үшін парацетамол мен ибупрофенге жүгінуді ұсынады. Екіншіден, COVID-19 емдеуде антибиотикті ұзақ қолдану әсерінен бактерияларда антибиотиктерге төзімділік пайда болуы мүмкін. Яғни, шын қажет болған жағдайда бұл препараттар көмектесе алмауы әбден мүмкін.

Жалған сарапшылар коронавирусты емдемейді

Егер сіз «ақпараттық гигиена» ұғымын бұрын-соңды естімесеңіз және медицина саласындағы білімі күмәнді блогерлерге сенсеңіз, сіз үшін тәжірибелі дәрігерлерден гөрі әлеуметтік желілер мен мессенджерлер – ақпараттың негізгі көзі болса, онда сіз өз денсаулығыңызға зиян келтіресіз. Адам өміріне тікелей байланысты саладағы әуесқой мен жалған маман үлкен қауіп тудырады. Ақпаратты тексеріп, ресми көздерден алуға дағдыланған адамдар үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайттары бар.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.11 ℃
Вечером10.96 ℃
Ночью8.26 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.02 м/с
2025-03-29
Утром2.54 ℃
Днем10.22 ℃
Вечером11.91 ℃
Ночью8.31 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.04 м/с